Гавриил Иванович Головкин (1660 жыл — 25 шілде 1734 жыл, Мәскеу) — орыс мемлекет қайраткері, граф, I Пётрға ең жақын болған тұлғалардың бірі.
1706 жылдан Посоль Приканцлер. 1718 жылдан сыртқы істер коллегиясының президенті. 1726-1730 жылдары Жоғарғы құпия кеңесінің мүшесі. В.Л. Долгорукиймен бірге Аустриямен одақ жасауды қолдады, II Пётр өлгеннен кейін Анна Ивоновнаны қолдап, министрлер кабинетінің мүшесі болды.[1]