Георгиос Леонардос | |
гр. Γιώργος Λεονάρδος | |
![]() | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Мансабы | |
Шығармашылық жылдары |
1992-қазіргі уақытқа шейін |
Жанры | |
Шығармалардың тілі |
Георгиос Леонардос (гр. Γιώργος Λεονάρδος) – грек журналисті және әдебиетшісі. 1937 жылы 20 ақпанда дүниеге келеді.
Әңгімелерін алғаш рет 1953 жылы күнделікті шығатын александриялық «Тахидромос» («Пошташы») және «Анатоли» («Шығыс») газеттерінде шығара бастады. Грекияға келген соң бастапқыда физика-математика факультетіне түседі. Алайда 1959-1961 жылдар аралығында Спирос Меластың басшылығымен грек-американ институтының журналистика факультеті дәрістеріне қатысады. Халықаралық жаңалықтар редакциясында жұмыс жасап, кейін «Катимерини» (1961-1964) грек орталық газетінің саяси шолушысы болып жұмыс жасайды.
1964-1967 жылдары Белградта Афина Жаңалық Агенттігінде (ANA) тілші болады. Грекияға оралған соң «Навтэмборики», «Апогевматини», «Элефтеротипия», «Месимврини», «Этнос» және «Элефтерос Типос» газеттерінде халықаралық жаңалықтар редакциясының басшысы болады. Сонымен қатар «Кердос» экономикалық газетіне де мақала жазады.
Георгиос Леонардос негізінен тарихи шығармалармен шұғылданатын. Ол Афинаның журналистер Одағына мүше. 2008 жылы оның "Соңғы Palaeologue" тарихи романы мемлекеттік жоғарғы сыйлығына ие болды.
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|