Геттер

Геттер (ағылш. Getter; газопоглотатель) — вакуумдық көлемдегі газдарды (инерттілерден басқа) жұтатын құрылғы немесе зат. Геттерді вакуумдық және газразрядты аспаптарда, сорғылаудан кейін қалатын немесе аспаптың жұмысы кезінде бөлінетін газдар мен буларды жұту үшін пайдаланады. Геттер көмегімен ЭВА-да қалдық газдардың 10^-3—10^-6 Па қысымы немесе 99,999%-ға дейінгі орта тазалығы қамтамасыз етіледі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6