Глохидий - перловиц тұкымдасының тұщы су қос жақтаулы рулардың тоғышар дернәсілдері. Қос жаппалы бақалшағының құрсақ жақ жиектерінің әр жармасында тікенегі бар - күшті жаппа бұлшық еггері - сезімтал қылтанақтары және балаңқұрттың ұзын жіпшесі болады - ол ерекше без бөліп шығарады. Глохидий аналық дарақтарының желбезегіне салынған жұмыртқалардан дамиды. Көктемде глохидийлер суға түседі де тікендерімен немесе дернәсіл жіпшелерімен балықтардың желбезектеріне, терісіне жабысып, олардың эпителиясымен қапталып қысым өзгерісі арқылы қоректенеді. Бірнеше аптадан соң толық дамуын аяқтап жас ұлулар цистадан бөлініп, су түбіне түседі. Ұлулардың бұлай дамуы олардың зоохронды таралуына мүмкіндік береді.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |