Грейг қызғалдағы

Грейг қызғалдағы (лат. Tulipa greigii) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, Қоржынтауда, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40 – 50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңгі бетінде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі – қорапша. Грейг қызғалдағы – өте әдемі, сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталған. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарында қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ — лалагүлділер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік. Шу-іле тауларында, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. Биіктігі 40-50 см. Сабағы жуан, түкті келеді. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді, кейде жиегі иректеліп, үстіңті бетіңде қою күлгін таңбалары болады. Гүлі дара, қызыл, қызғылт сары түсті, көктемде гүлдейді. Тұқымы арқылы және вегетативі (өсімді) жолмен көбейеді. Жемісі — қорапша. Грейг қызғалдағы — өте сәнді өсімдік. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығында сақталган. Алматы, Қарағанды, Жезқазған ботаникалық бақтарыңда қолдан өсіріледі. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның 235 "Қызыл кітабына" енгізілген.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биіктігі 20-50 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 2,5 - 4 см, көн тәрізді қара қоңыр, ішкі жағы, әсірісі түбі мен ұшы қалың түкті қабықты.

Сабағының жоғарғы жағы түкті, жапырақ саны - 3 - 4, шамалы жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, көкшіл сұр, жоғарғы жағында көптеген күлгін дақтары бар, жоғарғысы едәуір түкті, кірпікшелі, әдетте гүлге жетеді, ең төменгісі сопақшадан жалпақ эллипске дейін тәрізді, ені 3,5 - 8 см. Сыртқылары түкті, жұмыртқа тәрізді, жоғарғы жағы қайырылған, ішкісінен шамалы қысқа, ішкілері кері жұмыртқа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, олардығ жіпшелері жалаңаш, сары немесе қаралау, тозаңдықтары сары, сирек күлгін, жіпшелерінен 2 есе ұзын, түйіні орнықты ауызды; қорапшасының ені 2 - 3 см, ұзындығы 4 - 6 см.

Мамыр - маусым айларында гүлдейді.

Қазақстанда таралуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эндемик. Шағыл тасты және сазды топырақты далаларда, аласа тау мен тау етегінде өседі. Қызылорда, Түркістан флористикалық аудандарында Іле, Күнге" Алатауының батыс сілемдерінде (Шу - Іле тауларының тоғысқан жеріндегі Қордай асуы маңында) , Қырғыз Алатауы, Шу - Іле таулары, Қаратауда кездеседі. Қазақстанның "Қызыл кітабына " енгізілген

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан қызғалдақтары

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

  1. Қазақ энциклопедиясы