Дайсетсузан жанартау тобы жанартау шыңдарынан тұрады. Ол Жапонияның Хоккайдо аралында кеңдігі 2 шақырым болатын Охачи-Дайра кальдерасын қалыптастырды. Бұл аймақтың жергілікті халқы айндар деп аталады. Олар Дайсетсузан жанартаулар тобын «Нутапукашипе» немесе «Нутаку Камушупе» деп атайды. Дайсетсузан шыңдары Хоккайдо аралындағы ең биік шыңдар болып табылады. Жанартаулар тобы Тынық мұхитындағы Куриль аралының солтүстік бөлігінде орналасқан. Дайсетсузан тау тізбектерінің аты өзі орналасқан Ұлттық саябаққа берілген. Бул саябақта Асахидаке Онсен дөп аталатын ыстық су саяжайы бар. Дайсетсузан таулары - Жапониядағы ең ірі тау тізбектері. Таулар 230 000 га жерін алып жатыр. Томураши тауынан Токати жанартау тобына дейінгі аралықтағы таулар тізбегі, сондай-ақ Нипесотсу, Упепесанаке, Ишикари таулары және Шикарибетсу көлі - Хоккайдо шатыры деп аталады. Саябақ құрамына Дайсетсузан жанартауынан бөлек Акачи және Шикаробетсу Асахи тауында биіктігі 1100 м-лік Санроку бекеті мен биіктігі 1600 м болатын Сугатами бекетін байланыстыратын жол бар. Біржақты бағытпен өтуге 10 минут уақыт кетеді. Дайсетсузан Ұлттық саябағы Жапониядағы саябақтардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Оның аумағы - 2267,64 м2. Асахи тауы Дайсетсузан жанартаулар тобындағы ең биік шың болып саналады. Оның биіктігі - 2290 м.[1]