Далап

Далап (ерінге жағатын) еріннің терісін жұмсартып, оны күн, жел қағудан қорғайды. Далаптың көмегімен еріннің пішіні мен көлемін өзгертуге болады. Егер ауыз үлкен болса, далапты езуге жеткізбей еріннің орта тұсына ғана жағады; ауызы кішкентай әйелдер — еріннің бүкіл жоғарғы бөлегін, ал жоғарғы еріні қалыңдау болса — төменгі ерінді тұтастай, ерін жұқа болса — жоғарғы ерінді көбірек бояу керек; ерні қалың әйелдер далапты еріннің шетіне жеткізбей жаққаны жөн. Әуелі ауызды айнала сызық жүргізіп, сонан соң ерінге далап жаққан дұрыс. Далап қалың жарылып кетсе, оны жұқарту үшін ерін арасына қағаз қойып, ерінді қатты жымқырыл қысу керек. Еріндегі далапты түнемелге қалдырмай, кешкісін нәрлі креммен сүрту қажет.

Ерін далабы әртүрлі түсте шығарылады. Оны түсі беттің терісіне, көздің, шаштыр киімнің түсіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек. Мезгіліне қарай күндіз және кешкісін пайдаланылатын далаптардың түсі әртүрлі болуы шарт. Күндіз қолданылатын далаптың түсі кешқұрым пайдаланатынға қарағанда ашық, нәзік болғаны дұрыс.

Аққуба өнді әйелдердің қоңырқай түсті далапқа үйір болмағаны жөн, себебі мұндай түс оларды егде етіп көрсетеді, әрі бет-әлпетінің өңін бұзады. Қоңырқай күнқақты өңді, сондай-ақ қараторы әйелдерге дал аптық ашық түстісінен гөрі қоңырқай-қызғылт түстілері жарасады, ал қоңыр-сары шашты әйелдер түсі онша ашық емес дал алты, шашының түсі сары әйелдер ашық түсті далапты пайдаланғаны жөн.

Құрамында бояғыш заттар жоқ, тек қана ерінді жұмсартып, жарылудан, кеберсуден, жел қағудан қорғауға арналған түссіз гигиеналық далап та шығарылады. Жүкті әйелдер ерін дал абын пайдаланбағаны дұрыс.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9