Дебют

Дебют - (фр. debut – бірінші жүріс, бастапқы) – адамның белгілі бір істі бастаудағы ең алғашқы қадамы. Мысалы, актердің сахнада немесе белгілі бір театрда, байқауда, т.б. бірінші рет өнер көрсетуі. Мұндай адамды дебютші (дебютант) дейді. 18 ғасырда Еуропа және орыс театрларында актерді труппа құрамына алмас бұрын көрермендердің алдында сынақтан өткізу үрдісі болған. Көптеген ірі театрларда актерлер 3 дебютке дейін, кейбір елдерде (Францияда) 10 дебютке дейін көрсететін болған. Ал Кеңес заманындағы КСРО театрларында бұл дәстүр жойылып, дебют тек бірінші рет өнер көрсету мағынасында қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8