Деривация

  1. Деривация (лат. derivatio — ауытқу) — тез айналмалы снарядтардың (оқтардың) ауада тік емес траектория бойымен қозғалуы кезінде лақтырылу жазықтығынан (ұңгының канал осі арқылы өтетін тік жазықтық) жүйелі түрде жанама ауытқуы. Деривация көлемі негізінен ату қашықтығына, траектория айналымына, көбейген сәтте үдей түсетін снарядтардың (оқтардың) айналу жылдамдығына, ал Деривация бағыты снарядтардың өзіндік айналым бағытына байланысты. Деривация артиллериялық атыстар үшін бастапқы деректер дайындығында ескеріледі.[1]
  2. Деривация (лат. derivatio - жасалу) — бастапқы тіл бірліктерінің негізінде басқа тіл бірліктерін (дериваттарды) жасау процесі. Дериваттар аффикстер дін көмегімен түбірді "кеңейту" немесе сөздерді біріктіру, тіркестіру арқылы жасалады. Соған байланысты Деривация кейде сөз тудыру, сөзжасам ретінде қаралады. Неғұрлым кеңірек көзқарас бойынша, Деривация сөз түрлендіру мен сөзжасам терминдерінің жинақты атауы немесе тілдегі екінші белгіні (түбірді, сондай-ақ сөйлемдерді де) жасаушы процесс атауы ретінде түсіндіріледі.[2]

Деривация процестерінде бастапқы тіл бірліктерінің құрылымы мен семантикасында өзгеріс туып отырады. Деривация ұғымын 20 ғасырдың 30-жылдарында Е. Курилович енгізген. Оның лексикалық және синтаксистік Деривацияларды бөліп қарауының Деривация теориясында зор мәні болды. Лексикалық Деривация бастапқы тіл бірлігінің лексикалық мағынасының жаңаруына (ср. мал — малшы), ал синтаксистік Деривация — оның тек синтаксистік қызметінің жаңаруына (ср. мал — малдың, малды) бағытталған. Кейін бұл бағыттар сөздердің үлкен топтарына байланысты қолданылатын болды. Деривация процесі тіл бірліктерінің екінші рет жаңаруымен аяқталмайды, онда сонымен бірге ерекше Деривациялық қатынастар пайда болады.[3]

Тағы қараңыз:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  3. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. ISBN 9965-409-88-9