Джодха және Акбар хинди जोधा अकबर | |
Жанры | Тарихи драма |
---|---|
Рөлдерде | Паридхи Шарма Раджат Токас Рави Бхатия Хина Пармар |
Композиторы | Лалит Сен |
Мемлекет | Үндістан |
Тілі | Хинди, урду |
Маусымдар саны | 1 |
Сериялар саны | 566[1] |
Өндіріс | |
Продюсер | Экта Капур Шобха Капур |
Режиссёрі | Сантрам Верма Ранджан Сингх Вики Чаухан |
Серия ұзақтығы | 20 минут |
Хабар тарату | |
Телеарна | Zee TV |
Бейне форматы | 576i (SDTV) 1080i (HDTV) |
Таратылым кезеңі | 18 маусым 2013 — 7 тамыз 2015 |
өңдеу |
Джодха және Акбар (хинди जोधा अकबर) — XVI ғасырдағы Ұлы Моғолдар патшалығы жайлы тарихи үнді телехикаясы.
Бұл телехикаяда XVI ғасырда оқиғалар арқау болған. Әуелі жеккөрініштен басталған таныстық бара келе аяулы махаббат сезіміне ұласады. Раджпуттар ханшайымы Джодха мен Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан I Акбардың саяси қажеттіліктен қиылған некелері екі халықтың тарихында бітімгершілік одағының жарқын беті болып жазылды.
Жалалуддин Мұхаммед әкесі өлгеннен соң 13 жасында Ұлы Моғолдар патшалығының тақ мұрагері болып, бар билікке ие болды. Оның тәлімгері Байрам хан Акбар сұлтанды билік жолында адам өмірін шыбын құрлы көрмейтін қатігез, тас жүрек қылып тәрбиеледі. Амердің билеушісі раджа Бхармалдың қызы Джодха сұлтанға қарағанда жүрегі жұмсақ, махаббатқа адал, аяулы сұлу болып бой жетті. Джодха өз халқының бақыты жолында жанын қиюға бар, тіпті ата жауы моғолдардың баласына күйеуге тиюге де әзір еді. Үнді аруы мен мұсылман жігіттің бір шаңырақ астында бас қосуының ақыры немен тынады? Екі ел халқы қару алып қанды соғыс бастай ма, әлде бақыттан бастары айналып, махаббат жырына елітіп би билей ме?[2]
Актері | Рөл атауы | Қызметі немесе атағы | |||
---|---|---|---|---|---|
Раджат Токас | Жалалуддин Мұхаммед Акбар | Ұлы Моғолдар патшалығының падишаһы | |||
Паридхи Шарма | Джодха бегім | Акбардың тоқалы, Ұлы Моғолдар патшалығының патшайымы, Мәриям-уз-Замани | |||
Чхая Падкар | Хамида Бану бегім | Акбардың анасы, Ұлы Моғолдар патшалығының патшайымы, Мәриям Макани | |||
Ашвини Калсекар | Махам Анга | Акбардың сүт анасы, Ұлы Моғолдар патшалығының бас уәзірі | |||
Пранав Мисшра | Мырза Хәкім | Акбардың інісі, Кабулдың субадары | |||
Сонакши Море | Бахши Бану бегім | Акбардың қарындасы | |||
Аян Зүбейр Рахмани Рави Бхатия |
Сәлім ханзада | Акбардың үлкен ұлы, Ұлы Моғолдар патшалығының тақ мұрагері | |||
Шизан Мохд | Мұрат ханзада | Акбардың екінші ұлы | |||
Гаурав Шарма | Даниял ханзада | Акбардың кіші ұлы | |||
Лавина Тандон | Рүкия бегім | Акбардың бәйбішесі | |||
Маниша Ядав | Салима бегім | Акбардың екінші әйелі | |||
Шильпа Райзада | Нигар бегім/Шаһназ | Акбардың қарындасы | |||
Гопал Сингх | Тодармал | Ұлы Моғолдар патшалығының қазынашысы, "Тоғыз қазынаның" бірі | |||
Анкит Райзада | II Маан Сингх | Джодха бегімнің жиені, сардар, "Тоғыз қазынаның" бірі | |||
Аюш Ананд | Әбдірақым Хан-е-Хана | Байрам ханның баласы, ақын, ғалым, сардар, "Тоғыз қазынаның" бірі | |||
Гопал Сингх | Бирбал | Сарайлық қалжыңбас, уәзір, "Тоғыз қазынаның" бірі | |||
Әбілфазыл | Сарайлық тарихшы, уәзір, "Тоғыз қазынаның" бірі | ||||
Навед Аслам | Байрам хан | Акбардың регенті, тәлімгері | |||
Локендра Раджауат | Атгах хан | Акбардың уәзірі, сардары | |||
Читан Хансрадж | Атхам хан | Акбардың сүт інісі, сардары | |||
Читан Хансрадж | Хайдар хан | Атхам хан баласы, сардар | |||
Параг Тьяги | Шарифуддин Құсайын | Бахши Бану бегімнің күйеуі, Акбардың күйеу баласы, сардары | |||
Мита Вашишт | Махшешек бегім | Мырза Хәкімнің анасы, Кабулдың субадары | |||
Кунал Кхосла | Құтып әд-Дін хан Кока | Сәлім ханзаданың жақын досы, сардары | |||
Раджив Саксена | Бхармал | Джодха бегімнің әкесі, Амердің раджасы | |||
Наташа Шинха | Рани Майнавати | Джодха бегімнің анасы | |||
Кунал Бхатия | Бхагуант Дас | Джодха бегімнің інісі, Амердің раджасы | |||
Нупур Саксена | Бхагуати | Бхагуант Дастың әйелі | |||
Вики Батра | Раджкумар Суджамал | Джодха бегімнің інісі, раджпут сардары | |||
Дхарти Бхатт | Суканья | Джодха бегімнің сіңілісі | |||
Ашвини Калсекар | Махам Анга | Акбардың сүт анасы | |||
Сания Тукир Хина Пармар |
Анаркали | Сәлім ханзаданың сүйіктісі | |||
Анкита Дубей | Моти бай | Джодха бегімнің жеке қызметшісі әрі жақын құрбысы | |||
Ашок Девалия | Хошияр хан | Рүкия бегімнің жеке қызметшісі | |||
Манодж Сингх | Решам хан | Махам Анганың жеке қызметшісі | |||
Анураг Шарма | Махарана Пратап | Акбардың қас жауы, раджпут көсемі, сардары | |||
Кальяни Триведи | Шагуни бай | Көріпкел | |||
Мегхна Найду | Беназир | Акбардың күңі, биші | |||
Рохит Джоши | Фархан | Сәлім ханзаданың жақын досы |