Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева

Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева
Туған кездегі есімі

Динара Нұрсұлтанқызы Назарбаева

Туған күні

19 тамыз 1967 (1967-08-19) (57 жас)

Туған жері

Теміртау, Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы
Компаниясы

Нұрсұлтан Назарбаев Білім қоры

Лауазымы

Директор (1998–)

Компаниясы

Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Лауазымы

Директорлар кеңесінің мүшесі (2001–)

Компаниясы

Қазақстан-Британ техникалық университеті

Лауазымы

Директорлар кеңесінің төрағасы (2004–)

Білімі

1) Ресей театр өнері институты
2) Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты
3) Кентербери университеті

Марапаттары
Жұбайы
(үйл. 1990)

Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева (тумысында — Назарбаева; 19 тамыз 1967 жыл, Теміртау) — қазақстандық кәсіпкер, Forbes журналының әлемдік миллиардерлер тізіміне енген Орталық Азиядағы жалғыз әйел. Қазақстанның 1-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы.

1967 жылы 19 тамызда Қарағанды облысы, Теміртауда Қазақстанның болашақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасында дүниеге келді. Ұлы жүздің Шапырашты руынан.

Қазақ Бас киносында инспектор (1990–1991), «Қазкинопрокатта» бөлім бастығы (1991–95), «Бөбек» қорында дирекция жетекшісі (1996, 1998) қызметтерін атқарды.

1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев» білім қорында директор.[1]

2004 жылы — «ҚБТУ» АҚ директорлер кеңесінің төрайымы.

2007 жылы "Халықаралық типті мектептердің білім жүйесін басқаруының методологиялық негіздері" тақырыпты докторлық диссертация қорғады.

2009 жылдан бастап Н.Назарбаев атындағы Білім Ұлттық қорын басқарады.

Құлыбаева 1998 жылдан бастап IITU, Astana IT University, ҚБТУ, АЭБУ, UIB, Астана мен Алматыдағы Халықаралық Мирас мектептері және Арыстан әскери лицейі кіретін «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының» (қазіргі NNEF) директоры.[2] Одан бөлек жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге “АЛМЭКС холдингтік тобы“ АҚ арқылы елдегі ірі банктердің бірі Халық Банктың 69.52 % иелік етеді.[3] 2024 жылы Халық Банк Құлыбаевтарға 276.5 млрд ₸, ал 2022 жылы 138 млрд ₸ өтемақы төлеп берді.[4]

Жыл Байлығы Орны
2024 5 млрд $[5] әлемде 612, елде 2
2023 4.3 млрд $[6] әлемде 636, елде 2
2022 3.9 млрд $[7] әлемде 780, елде 2
2021 2.9 млрд $[8] елде 5
2020 2.9 млрд $[9] елде 2
2019 3.1 млрд $[10] елде 3
2018 3.1 млрд $[11] елде 2
2017 2.2 млрд $[12] елде 3
2016 2.1 млрд $[13] елде 3
2015 2.1 млрд $[14] елде 4
2014 1.8 млрд $[15] елде 3
2013 1.3 млрд $[16] елде 5
2012 1.2 млрд $[17] елде 6

Германияның Неміс толқыны атты медиа орталығының 2022 жылғы зерттеуінше[18] Құлыбаевтар құны 100 миллион еуро болатын мүліктерге иелік етеді.

XIX ғасырда өмір сүрген орыс дипломаты әрі құпия кеңесшісі Михаил Хрептовичтің демалыс орны болған Зеело сарайын сатып алу және жөндеу жұмыстарына 60 млн еуро жұмалған. Басылымның хабарлауынша әлі күнге дейін бұл сарайға ешкім келмеген.

Азаттық радиосының 2022 жылы зерттеуінде Құлыбаевтардың Алматыда «Жайлау» гольф-клубы мен «Оқжетпес» санаторийі аумағымен шектесіп жатқан, аумағы – 74 149 шаршы метр, яғни, 7,5 гектарға жуық зәулім сарайы бар. Үйдің мекенжайы «Жайлау» ықшамауданы, 1-үй деп көрсетілгенімен «2gis», «Яндекс карта» мобильді қосымшалары бұл мекенжайларды көрсетпейді.[19] Үйдің құрылтайшылары: Тимур мен Динара Құлыбаевтар.

2020 жылы Азаттық радиосының Сара Әлихан мен Майк Эккель зерттеулері бойынша Испанияның Жирона қаласы, Льорет-де-Мар муниципалитеті, Avenue Canyelles 2(B) көшесінде 20 гектар, 3200 шаршы метрлі, 13 жатын бөлмесі, 19 жуын бөлмесі, бассейн, кинотеатр, 3 монша және көліктерге арналған гаражбен қамданған үй орналасқан. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында испандық өнеркәсіпші салған, кейінірек оны жапондық компания сатып алып, ғимаратты өзі басқаратын мектеп ретінде пайдаланды. 2007 жылы нысанның иесі ауысты, кімге екені белгісіз. Үйдің Құлыбаев-Назарабевтарға тиесілі екенін көрші Бланес қаласының 2012 жылғы «Нысан Қазақстан Республикасының президентіне тиесілі» деп шығарған сот үкімі куә. Бейресми деректер бойынша тіпті бұл үйдегі кештерде Назарбаевтың өзі көзге түскен.

Швейцарияның Женева қаласы, Аньер елді-мекені, № 399 Route D’Hermance мекенжайы бойынша Динара Құлыбаеваның атына жазылған құны 74.7 млн франк, аумағы 7960 шаршы метрді құрайтын, 3 қабатты, көбелек тәрізді баспалдақпен, 25 метрлік жабық-ашық бассейндермен, спа және қонақ бөлмелерімен қамданған үй орналасқан.

Швейцарияның RTS телеарнасының 2013 жылғы зерттеуі бойынша Динара Құлыбаева үйдің аумағы еуропалық емес елдердің азаматтарына аумағы 3000 шаршы метрден асатын нысанды сатуға болмайтындықтан, бұл үйде сатып алу үшін Швейцария билігінен рұқсат сұраған. Өз кезегінде Швейцария билігі Динара мен Тимур Құлыбаевтардың және сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үйге аяқ асты келіп қалуын себеп етіп, үй сатып алуға рұқсат берген.[20]

2019 жылы Құлыбаева 62 млн франкқа (68 млн $) Женевада Коллонж-Бельрив муниципалитетіндегі № 25 және 27 Chemin du Milieu мекенжайындағы жері мен үй аумағы 28 700 шаршы метр, қасындағы басқа да нысандардың аумағы 890 шаршы метр болатын, екі шаршы мұнара тас қасбетімен қапталған, ұлттық маңызы бар швейцариялық мәдени құндылығы бар Бельрив қамалын (нем. Chateau de Bellerive) сатып алды. 2020 жылы қаңтарда қамалға шектесіп жатқан 1.5 гектарлы жерді 44 млн франкқа (49 млн $) сатып алып, жерін кеңейтті. Бельрив қамалы 17 ғасырда бой тұрғызып, БҰҰ дипломаты Садруддин Аға Ханға (1933–2003) көп жылдар бойы тиесілі болған.

Жеке мектептегі дау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жеке мектеп дауы 2023 жылдың қыркүйегінде Алматыда болды. Құлыбаева директор болып отырған “Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қорына” кіретін элиталық мектепте бірінші сынып оқушысының анасы баласына сексуалдық зорлық-зомбылық жасалғанын айтып, мектепті айыптады. Осы оқиғаға байланысты анасы әлеуметтік желілерге бейне жүктеп, жағдайды егжей-тегжейлі сипаттады, бұл кеңінен қоғамдық резонанс тудырды.

Анасы баласына 11 қыркүйекте зорлық-зомбылық жасалғанын мәлімдеді, бірақ мектеп басшылығы оқиға туралы 22 қыркүйекте білді, яғни полиция мектепке келген кезде. Мектеп директоры Ирина Логинова баланың мектепте оқиғаға дейін тек бес күн оқығанын, оның ішінде бейімделу күндері де бар екенін айтты.

Даудан кейін мектепте қосымша камералар орнатылды, тіпті дәретханаларда да, бұл этикалық нормаларды бұзу туралы пікірталас тудырды. Мектеп тергеумен ынтымақтасып, бейнежазбаларды ұсынып, ішкі тексерулер жүргізді.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 121-бабы бойынша (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) қозғалды. Алайда, 2024 жылдың ақпанында тергеу тоқтатылды, өйткені сараптамалар зорлық-зомбылық фактісін растамады. Бұл шешімге Алматы прокуратурасы келісті.

Дау қазақстандық қоғамда кеңінен резонанс тудырды. Оқушылардың ата-аналары кінәлілерді жазалауды талап етушілер мен мектепті қорғаушыларға бөлінді, соңғылары инцидентті жасанды түрде жасалған деп болжады.[21][22][23][24]

Су құбырын бұғаттауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл дау да Құлыбаева басқаратын “Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қорына” кіретін Арыстан лицейінде орын алды. 2023 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Қотырбұлақ ауылының тұрғындары судың жоғалуын мамыр айының басында байқады. Лицей басшылығы бұл шешімді «су құбырының зақымдалуы» деп түсіндірді, бірақ тұрғындар мұны жете тексерілмеген деп санады. Су тапшылығы әсіресе зейнеткерлер үшін ауыр болды, өйткені олардың көпшілігі ауылда тұрақты тұрады. Тұрғындар сотқа шағымданып, су беруді қалпына келтіруді талап етті. Лицей басшылығы бұл мәселені реттеуге уәде берді, бірақ олардың әрекеттері жеткіліксіз болды.[25]

А. В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнер университетін 1989 жылы бітірген.

Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтынан магистр дәрежесін алды (1998).

«Методологические основы управления профессионально-ориентированной образовательной системой школ международного типа» ("Халықаралық типтегі мектептердің кәсіби бағытталған білім беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздері") деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады.

Тұрмыста, жұбайы Тимур Құлыбаев (1966 туған, Асқар Құлыбаевтың баласы) — Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 5-президенті (2015–2024),[26] Қазақстан темір жолы (2009–2011), Қазатомөнеркәсіп (2008–2012), ҚазМұнайГаз (2006–2007, 2009–2012), KEGOC (2006–2007, 2008–2011) директорлар кеңесінің төрағасы. 2024 жылы байлығы $ 5 млрд бағаланды.[27]

Әкесі — Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның тұңғыш президенті (1991–2019).[28][29] Анасы — Сара Назарбаева, Қазақстанның бірінші ханымы (1991–2019) және Бөбек, қазақстандық Балалар ауылдары қорының негізін салушы.

  • Балалары — Алтай (1990 жылы туған) , Дениза (2004 жылы туған) , Нәби (2008 жылы туған) және Алишия (2010 жылы туған)
  • Келіні — Диана Катранова (Алтай Асқардың әйелі)
  • Құдағиы — Зелина Катранова, «Восточное рудоуправление» ЖШС бас директоры, Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы болып танылған, «Кенші даңқы» орденінің толық иегері, «Конституцияға 20 жыл» медальдарымен марапатталған және «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі.
  • Әпкесі — Дариға Назарбаева, Қазақстан Парламентінің Мәжілісінің 3- және 5-, Сенаттың 6-сайланым депутаты және 7-төрайымы.[30]
  • Сіңлісі — Әлия Назарбаева, Қазақстан Республикасының өнер және мәдениет саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018).
  • Қайын атасы — Асқар Құлыбаев, техникалық ғылым докторы (2003). ҚР және Халықаралық инженерлер академиясының академігі (1992), Қазақстанның құрметті инженері (2001).
  • Қайын ағасы — Талғат Құлыбаев, генерал-майор (2000), заң ғылымдарының докторы (2004).
  • Қайын енесі — Раиса Алдабергенқызы Құлыбаева
  • Қайын інілері — Бексұлтан Талғатұлы Құлыбаев (1984 жылы туған) - «Теміржол Құрылыс-Атырау» ЖШС Ақтөбе филиалына, шикі мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын компанияға және 2010 жылы құрылған несие серіктестігіне иелік етеді; Әлібек Талғатұлы Құлыбаев (1989 жылы туған).
  • Абысыны — Нәйлә Бигалықызы Құлыбаева (Тоқалова), жылжымайтын мүлікті жалға беру , пайдаланумен айналысатын екі компанияның және мейрамхана бизнесі мен тамақ жеткізумен айналысатын компанияның басшысы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”
  2. https://foundation.kz/ru/
  3. Народный банк Казахстана  (орыс.). Forbes Kazakhstan. Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  4. Около Т193 млрд дивидендов выплатит Halyk Bank компании Кулибаевых  (орыс.). kaztag.kz (22 августа 2018). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  5. 75 богатейших бизнесменов Казахстана - 2024  (орыс.). Forbes Kazakhstan (12 мая 2024). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  6. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2023  (орыс.). Forbes Kazakhstan (11 мая 2023). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  7. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2022  (орыс.). Forbes Kazakhstan (12 мая 2022). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  8. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2021  (орыс.). Forbes Kazakhstan (24 мая 2021). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  9. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2020  (орыс.). Forbes Kazakhstan (19 октября 2020). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  10. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2019  (орыс.). Forbes Kazakhstan (12 мая 2019). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  11. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2018  (орыс.). Forbes Kazakhstan (4 мая 2018). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  12. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2017  (орыс.). Forbes Kazakhstan (5 мая 2017). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  13. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2016  (орыс.). Forbes Kazakhstan (5 мая 2016). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  14. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2017  (орыс.). Forbes Kazakhstan (7 мая 2017). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  15. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2014  (орыс.). Forbes Kazakhstan (21 мая 2014). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  16. 50 богатейших людей Казахстана - 2013  (орыс.). Forbes Kazakhstan (2 мая 2013). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  17. 50 богатейших людей Казахстана - 2012  (орыс.). Forbes Kazakhstan (1 мая 2012). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  18. Зәулім-зәулім сарайға құмар болған қыз-күйеу...  (қаз.). abai.kz (22 тамыз 2022). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  19. Назарбаев әулетінің Алматыдағы мүліктері  (қаз.). www.azattyq.org. Тексерілді, 27 қазан 2024.
  20. Tapis rouge à Genève pour la fille du président du Kazakhstan  (фран.). www.rts.ch. Тексерілді, 27 қазан 2024.
  21. В элитной школе Алматы надругались над первоклассником  (орыс.). Ulysses Media Ашық Ақпарат Алаңы (1 октября 2023). Тексерілді, 23 наурыз 2025.
  22. Дәретханадағы камералар: Динара Құлыбаеваның мектебі оқушыны зорлау оқиғасы жайлы не дейді  (қаз.). Ulysses Media Ашық Ақпарат Алаңы (5 қазан 2023). Тексерілді, 23 наурыз 2025.
  23. 1-сынып оқушысының зорланғаны расталмады, бірақ тараптар мәмілеге келмеді  (қаз.). Ulysses Media Ашық Ақпарат Алаңы (1 наурыз 2024). Тексерілді, 23 наурыз 2025.
  24. Расследование об изнасиловании в элитной школе Алматы прекращено  (орыс.). Ulysses Media Ашық Ақпарат Алаңы (29 февраля 2024). Тексерілді, 23 наурыз 2025.
  25. Восставшие из «Искорки»: почему руководство лицея Динары Кулибаевой лишило пенсионеров воды  (орыс.). Ulysses Media Ашық Ақпарат Алаңы (17 октября 2023). Тексерілді, 23 наурыз 2025.
  26. Геннадий Головкин сместил Тимура Кулибаева на посту президента НОК  (орыс.). kaztag.kz (26 февраля 2024). Тексерілді, 16 ақпан 2025.
  27. 75 богатейших бизнесменов Казахстана - 2024  (орыс.). Forbes Kazakhstan (12 мая 2024). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
  28. https://informburo.kz/kaz/nazarbaev-otstavkaa-kett-.html
  29. https://www.azattyq.org/amp/kazakhstan_nursultan_nazarbayev_first_president/25359019.html
  30. https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/279