Дислокация

Дислокация[1] — эндогендік (ішкі) күштің әрекетінен тау жыныстары формаларының алғашқы жатқан түрінен бұзылуы. Алғашқы кезде орналасқан шөгінді тау жыныстарының қатпарлары горизонталды немесе соған жақын болып келеді. Ал дислокация әсерінен қатпарлар бүгіліп дөңестену немесе ойыстану түріне айналады, кейде жарылады. Дислокацияның өэі қатпарлық (пликативтік), жарылғыштық (дизъюнктивтік) болып екіге бөлінеді.

Пликативтік дислокация нәтижесіңде жыныс қабаттарының жазық жатуы бұзылып қатпарлар түзіледі. Қатпар деп қабаттардың толқын тәрізді иілуін айтады. Қатпарлар алдымен иініне сай 4 түрге жіктеледі. Антиклинал деп иіні төмен қарай қараған, сондықтан қанаттары керағар жақтарға еңкіш қатпарды атайды (грекше «анти» — қарсы, «клин»— бұрыш, көлбеу). Синклинал деп иіні төмен қараған, сол себептен қанаттары бір-біріне қарай еңкіш қатпарларды айтады (грекше «синклио» —еңкейемін). Сонда антиклиналдардың өзегінде ең кәрі жыныстар, синклинал ортасында ең жас кабаттар орналасады.
Дислокациякристалдың ішінде ығысу аймағының шекарасы болатын кристалдық кұрылыстың сызықтық жетілмегендігі.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
  3. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазКСР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской КСР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.