Довлетмаммед Азади

Довлетмаммед Азади
Döwletmämmet Azady
Туған күні

1700 (1700)

Туған жері

Қара қала, Түркменстан

Қайтыс болған күні

1760 (1760)

Мансабы

ақын

Довлетмаммед Азади (түрікм. Döwletmämmet Azady, 1695 не 1700 — 1760 ж.ш.) - түрікмен ақыны, ғалым.

Түрікмен әдебиетінің классигі Махтұмқұлының әкесі. Кедей отбасынан шыққан. Софылық жолын ұстаған. Әуелде жер жыртып, егін еккен, кейін мектепте мұғалім болған. Маснауи үлгісімен жазылған "Азади уағызы" (1753-51) дидактикалық поэмасында Азади озбырлыққа қарсы шығады, достықты жыр етеді. Ол егішілік, жер суару, сауда кәсібінің дамуын арман еткен. Азади поэмасының тілі көне, онда араб-парсы, шағатай сөздері орасан көп. Түрікмен тайпаларын бірігуге үндеп, тұтас мемлекет құру ұсынған.

Түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998