Дэн Хилл

Дэн Хилл (ағылш. Dan Hill, Daniel Grafton Hill IV, дүниеге 3 маусым 1954, Торонто) — канадалық поп-орындаушы және әндердің авторы.

Дэн Хилл 1954 жылы 3 маусымда Торонто қаласында дүниеге келген.

Дэн гитарада ойнау мен әндерді шығаруды жеткіншек жасынан бастаған. 1975 жылы ол «You Make Me Want to Be» хиты кіретін өзінің алғашқы "Дэн Хилл" атты альбомін шығарды.

1977 жылы Дэн «The U.S. Billboard Hot 100» чартының 3-ші жолына дейін жеткен және әншінің басты хиты атанған  «Sometimes When We Touch» атты балладасын жазған. Осы жылы Дэн Хилл «Longer Fuse» атты альбомына ән сөздері мен музыкасын жазған. 

Сонымен қатар, 1982 жылы  «Рэмбо: Первая кровь» атты фильмге арнап жазылған «It’s a Long Road» әні де хит атанған.

1987 жылы Дэн «Billboard Hot 100» чартының 6 жолына Вонда Шепардпен бірге дуэт ретінде жазған «Can’t We Try» атты әнімен қайта оралған. Сондай-ақ, «Top 40-қа»  кірген  «Never Thought (That I Could Love)» атты сингл да оған табыс әкелген. Содан кейін Дэн Хиллдың әндері «U.S. Billboard Hot 100-ке» кірген емес.

  • 1975 — Dan Hill
  • 1976 — Hold On
  • 1977 — Longer Fuse
  • 1978 — Frozen in the Night
  • 1980 — If Dreams Had Wings
  • 1981 — Partial Surrender
  • 1983 — Love in the Shadows
  • 1987 — Dan Hill
  • 1989 — Real Love
  • 1991 — Dance of Love
  • 1994 — Let Me Show You (Greatest Hits and More)
  • 1996 — I ' m Doing Fine
  • 1999 — Love of My Life (The Best of Dan Hill)
  • 2010 — Intimate

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оның әйелі Беверли Чапен-Хилл (Beverly Chapin-Hill), заңгер, онымен бірге әнші жазған "Can't We Try" "(This Can Be) Real Love" әннің жазған. 

2008 жылы Хилл ұлы әкелген достарын көргенде сезген қорқыны туралы "Әрбір ата-ананың көрген сұмдығы" атты мақаласын жазған. Мақала 2008 жылы 14-ші ақпанда «Maclean’s» атты журналында басылып шығарылған.

2009 жылдың басында Дэн "Мен өз әкемнің ұлымын" атты мемуарын жариялады.