Дяочань

Дяочань

Дяочань (қытайша 貂蝉) - ежелгі Қытай тарихы туралы мәліметтер беретін Үш патшалық кезеңі туралы романының кейіпкері, Қытайдың төрт аруының бірі. Біздің дәуіріміздің екінші ғасырының екінші жартысында өмір сүрген. "Ай тұтынған Дяо Чань" (闭月貂蝉) ретінде белгілі еді.

Он төртінші ғасырында жазылған Үш патшалық кезеңі туралы романы бойынша Дяо Чань сұлу үш патшалық кезеңінің алдында болған Шығыс Хань әулетінің белгілі мемлекет қайраткері Вань Юньның тұсындағы болған. Вань Юнның жоспары бойынша Дяо Чань жауыз Дун Цзо менен оның тұсында жүріп қызмет еткен Люй Бу деген жауынгердің арасында жанжалтуғызған. Хань әулетінің жоғары деңгейлі мемлекет қайраткері Дун Цзо да оған қызмет еткен жауынгері Люй Бу да сұлу Дяо Чаньға ғашық болып, бір - біріні жек көруге бастады. Ақырында Люй Бу өз мырзасын өлтіріп, Вань Юнның жоспарын өзі білмей өз қолымен орындады.

Аңыз бойынша "Дяо Чань керімнің сұлулығын көріп, ұят болғаннан айдың өзі тұтылды" деп, Дяо Чаньды солай сипаттайды.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Diaochan