Дүниежүзілік көрме (2012)

Экспо 2012 көрмесінің логотипі

ЭКСПО 2012 (кор. 2012 여수 세계 박람회) Халықаралық көрмелер бюросымен мойындалған дүниежүзілік көрме, Оңтүстік Кореялық Йосу қаласында 2012 жылдың 12 мамырынан бастап 12 тамызға дейін жалғасты. ЭКСПО тақырыбы: "Тірі мұхит және жағалау", және тақырыпшалар: "Мұхит пен жағалаудың сақталуы және бірқалыпты даму», «Жаңа ресурстық технологиялар» және «Шығармашылық теңiз қызметі". Экспо 2012 100-ден астам елдің қатысуы мен 8 миллион келушілерді күтуде.

  • Атауы (Қазақша) Дүниежүзілік Көрме Йосу Корея 2012, ЭКСПО 2012 ЙОСУ КОРЕЯ
  • Атауы (Корейше) 2012 여수 세계 박람회 / 2012 麗水 世界 博覽會
  • Ұйымдастыру комитеттiң төрағасы Кан Донг-Сук
  • Тақырыбы 'Тірі мұхит және жағалау'
  • Лейтмотиві 'Теңізбен айтылған әңгіме' [1]
  • Тұмары Йони, Суни
  • Өткізу орны Жаңа порт алаңы 1,740,000 м2 Йосу қаласы, Чолла-Намдо (Оңтүстік Чолла) провинциясы – Көрме алаңы 250,000 м2
  • Өткізу мерзімі Мамыр 12, 2012 ~ Тамыз 12, 2012 (93 күн)
  • Ғимараттар Тақырыптық павильондар, Халықаралық павильондар, Халықаралық ұйымдар павильондары, Sky Tower (Аспан Мұнарасы), т.б.
  • Экономикаға әсері (болжалды) Экспо-2012 ұйымдастырушы ел көрмеден 12.2 триллион корей вонасын өнімінен және 5.7 триллион корей вонасын қосылған құнынан ұтатынын болжап отыр.
  • Болжалды қатысушылар мен келушілер саны 8,000,000 адам, 100 ел және 10 халықаралық ұйымдар
  • Халықаралық көрме Йосу Корея 2012 ресми қатысушылары 2011 жылдың 23 қазанына қарай 103 мемлекет, 8 халықаралық ұйым

Қатысушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Еуропа 22 Украина, Түркия, Әзірбайжан, Швейцария, Германия, Испания, Қазақстан, Өзбекстан, Румыния, Португалия, Нидерланд, Норвегия, Тәжікстан, Бельгия, Италия, Грекия, Дания, Франция, Ресей, Литва, Монако, Хорватия, Армения
Америкалық континент 16 Панама, Гайана, Сальвадор, Гватемала, Доминикан Республикасы, Перу, Гондурас, Никарагуа, Парагвай, Колумбия, Эквадор, Суринам, Аргентина, Уругвай, Антигуа және Барбуда, Сент-Китс және Невис
Азия 30 Жапония, Таиланд, Камбоджа, Вануату, Вьетнам, Непал, Қытай, Соломон аралдары, Лаос, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Пәкістан, Маршалл аралдары, Үндістан, Фиджи, Бруней, Шығыс Тимор, Самоа, Папуа — Жаңа Гвинея, Тувалу, Шри-Ланка, Сингапур, Палау, Бангладеш, Индонезия, Науру, Кирибати, Тонга, Малайзия, Австралия
Африка 22 Ливия, Египет, Сейшель аралдары, Кот-д’Ивуар, Алжир, Ангола, Тунис, Гана, Нигерия, Мавритания, Танзания, Мали, Сенегал, Буркина-Фасо, Габон, Кения, Конго, Судан, ОАР, Гвинея, Гамбия, Уганда
Таяу Шығыс 7 Сауд Арабиясы, Йемен, Оман, БАӘ, Иордания, Қатар, Израиль
Халықаралық ұйымдар 8 ЭЫДҰ, БҰҰ, ХОК
Түнгі Йесу

Экспо-2012 орынын таңдау туралы шешім

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 142-ші Бас отырысында қатысушы елдерінің дауыс беруі арқылы қабылданды.
    • Уақыты және орыны: сағат 19:00, Париж, Франция, 26 қараша 2007 (27 қарашада Кореяда)
    • Үміткер орындар: Кореядағы Йосу, Мароккодағы Танжер, Польшадағы Вроцлав
  • Өткізу орнын анықталуы қалай өтеді:
    • Біріншіден: орын барлық дауыстарының 2 / 3 бөлігін жинау керек
    • Екіншіден: ең аз жинаған орын шығып кету керек, ал қалған екі қаласынан қосымша дауыс беру арқылы өткізу орыны анықталды.
  • Йосу (Корея) қаласы 77 дауыспен 63 дауысты жинаған Танжер (Морокко) қаласын озып, Халықаралық көрмесінің иесі болып жарияланды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 'Yeosu Expo's Logo Song (English) Мұрағатталған 9 мамырдың 2012 жылы.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресми сайты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ізашары:
Дүниежүзілік көрме 2010
Дүниежүзілік көрме
2012
Ізбасары:
Дүниежүзілік көрме 2015