Дәрежан Қаражанұлы Өмірбаев (15 наурыз, 1958 жыл, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық актер, кинорежиссёр, сценарист. «Тарлан» платинды тәуелсіз сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті.
- Дәрежан Қаражанұлы 1958 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.
- 1980 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы математика факултетін бітірген.
- 1987 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факултетін бітірген.
- 1992 жылдан Қазақстан киноматографистер одағының мүшесі.
- «Қазақфильм» киностудиясында режиссердің ассистенті болып бастап, сценарийлік-редакторлық алқаның редакторы, «Жаңа фильм» журналының редакторы, Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған.
- 1985 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы-режиссері.
- 2000 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясынында «Кино тарихы мен теориясы», «Режиссура кино және ТВ» кафедрасында студенттерге "Киноренжиссура негіздері", "монтаж", "теория кино", "режиссура" пәндерінен дәріс береді. доцент.
- «Жаңа фильм», «Көк Фонтан» кинофильм теориясының авторы.
Кинофильмдері