Евстафий Пехлеваниди | ||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Евстафий Алкивиадович Пехлеваниди | |||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||
Позиция |
шабуылшы | |||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтаған | |||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Евстафий Алкивиадович Пехлеваниди (гр. Ευστάθιος Πεχλιβανίδης); 30 қазан 1960[1], Шымкент, Қазақ КСР-і) — Кеңес Одағының футболшысы, грек ұлтынан.
Әкесі Алкивиад Пехлеваниди де футболшы, 1940 жылдары Тбилисидің "Динамосында" ойнаған. 1949 жылы оның отбасы Қазақстанға көшіп өткен.
Спорттық карьерасын 1977 жылы "Металлург" (Шымкент) командасында бастаған. 1979 жылы 28 гол соғып, мергендігімен көзге түсті де, "Қайратқа" ауысты. 1986 жылы 3 қыркүйекте Киевтің "Динамосымен" өткен кездесуде 10-секундта Виктор Чанов қорғаған қақпаға гол соғып, есеп ашты да, КСРО чемпионаттары тарихындағы ең жылдам голдың авторы атанды[2].
"Қайрат" сапындағы ең мерген футболшылардың бірі болды. Голдарының көбін айып добынан соғатын. 1987 жылы 10 мамырда Алматыда Ленинградтың "Зенитімен" болған матчта 89-минутта айып добын дәл орындап, матч тағдырын шешті. "Қайрат" жоғары лигада 226 матч өткізіп, 69 гол соққан. Бұл "Қайраттың" Кеңес кезіндегі шабуылшыларының арасындағы рекордтық көрсеткіш.
"Қайрат" сапында 1989 жылдың ортасына дейін ойнап, "Мелиораторға" (Шымкент) ауысты. 1989 жылы "Қайрат" сапында не-бары 5 гол ғана соқты. Соңғы голын 21 маусымда "Кубань" қақпасына соқты (бұл ойында "Қайрат" 4:1 есебімен жеңіске жетті). "Қайрат" сапындағы соңғы ойынын 4 тамызда "Ростсельмашқа" қарсы өткізіп, 61-минутқа дейін ойнады да, орнына Вахид Масудов шықты.
19 күннен соң "Мелиоратор" сапында "Актюбинецке" қарсы ойында алаңға шықты. 10 қазанда КСРО чемпионатындағы соңғы ойынын "Востокқа" қарсы өткізді. Бұл ойында Пехлеваниди бір гол соқты.
Бір жылдан соң, 1990 жылы туыстарымен бірге Грекияға кетті. 1993 жылға дейін "Левадиакос" сапында ойнап, карьерасын аяқтады.