Елена Валерьевна Плотникова (16.7.1977 ж.т., Орал) - спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1998). 1988 жылдан олимпиядалық резервті даярлайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде садақ атумен айналыса бастады. 1993 ж. Қазақстан чемпионы. Германияда өткен Еуропа кубогының күміс жүлдегері, 1997 ж. — жабық орында өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, «Еуропа Гран-Приінде» 3-орын, 1998 ж. — бағдарламаның екі түрі бойынша Қазақстан чемпионы, 1999 ж. — Қазақстан біріншілігінде 2-орын, кубогы жарысында 3-орын, Сидней олимпиадасына қатысты, 2001 ж. — Қазақстан чемпионы, бүкілқазақстандық 1-спартакиаданың екі дүркін жеңімпазы (жекелей және командалық).[1][2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |