Елюй чуцай (1189 — 1243) — Шыңғыс хан империясының мемлекет қайраткері әрі ғалымы. Қидан тайпасынан шыққан. Қытайша білім алған. 1218 ж. Орт. Азияға жасаған жорығында Шыңғыс ханның кеңесшісі болды. Шыңғыс ханның тақ мұрагері Үгедейдің (1229 — 41) Орт. хан кеңсесінің басшысы болып тағайындалып, Солт. Қытай істерімен шұғылданған. Оның “Чжан-Жанның шығармалар жинағы” және “Батысқа саяхатты суреттеу” атты еңбектері құнды тарихи-геогр. деректер болып табылады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|