Емельян Михайлович Ярославский - (1878 жыл 19 ақпан, Чита — 1943 жыл 4 желтоқсан, Мәскеу, Ресей) - Коммунистік партия қайраткері, КСРО ҒА академигі (1939).
1898 жылдан Компартияның мүшесі. Революциялық қызметін Читадағы социал-демократиялық үйірмелерге қатысудан бастады. 1898 жылы Забайкалье теміржол жұмысшыларының социал-демократиялық үйірмесін ұйымдастырды. 1901 жылы шетелге (Берлин, Париж) кетіп, онда «Искраның» тілшісі болды. 1902 жылы РСДЖП 1-конференциясының (1905) делегаты. 1906 жылы РСДЖП Мәскеу комитетінің мүшесі. 1907 жылы тұтқындалып, бес жыл каторгаға кесілді. 1917 жылы ақпан революциясынан кейін жұмысшы және солдат депутаттарының Якутия біріккен советінің председателі, кейін РСДЖ (б) П Мәскеу комитеті жанындағы әскери ұйымда істеді. 1917 жылғы Қазан күндерінде Мәскеу әскери-революциялық комитетінің мүшесі, Кремльдің алғашқы әскери комиссары болды, журналистік қызмет атқарады. 1919-22 жылы Пермь губернаторлық партия комитетінің председателі, РК (б) П ОК Сібір облысы бюросының мүшесі. 1921 жылы партияның ОК-нің секретары. 1931 жылдан қарт большевиктердің Бүкіл одақтық қоғамының председателі, «Правданың», «Большевик» тағы басқа журналдардың редколлегия мүшесі. БК (б) П ОК жанындағы жоғары партия мектебінде БК (б) П тарихы кафедрасына, ОК-нің лекторлар тобына жетекшілік етті. Партияның 4 – 6, 8 – 18-съездерінің делегаты; 8 – 9-съездерде ОК мүшелігіне кандидат, 10 – 11 және 18 съездерде ОК мүшесі болып сайланды. КСРО ОАК мүшесі. КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. Партияның және Ресейдегі революциялық қозғалыстың тарихы жөніндегі тағы басқа бірсыпыра еңбектердің авторы. Қызыл алаңда Кремль қабырғасында жерленген.[1][2]