«Еуразия» бірінші арнасы | |
«Еуразия + ОРТ» ЖШС | |
Ел | |
---|---|
Хабар тарату аумағы | |
Хабар тарату уақыты |
тәулік бойы |
Хабар тарату тілдері | |
Басқару орталығы |
Алматы қ., Республика алаңы,
13
|
Бейне форматы |
4:3 (1997—2015) |
Арнаның тақырыптамалары |
әмбебап |
Хабар таратуын бастады |
қазан 1997 жыл (тіркелген уақыты) |
Алмасқан арна | |
Аудитория үлесі |
19,29% (1-орын, мамыр 2024, K Research Central Asia[1]) |
Иесі |
«Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС («Қазақстан» РТРК» АҚ) — 80% |
Бас директоры |
Арман Құдайбергенов (м.а.) |
Бұрынғы атаулары |
ОРТ Қазақстан (1997—2002) |
Туыстас арналар | |
Сайт | |
Қолжетімділік | |
Эфир | |
| |
Спутник | |
ҚазСат-3 | |
OTAU TV |
|
Кабелдік | |
Алма-ТВ, Қайнар-ТВ |
4[2] |
Digital TV |
3[3] |
ICON |
|
«Еуразия» бірінші арнасы (орыс. Первый канал Евразия) — 1997 жылы құрылған Қазақстандағы телеарна. Мазмұны Ресейдің "Первый канал" телеарнасының бағдарламалары мен қазақ, орыс тілдерінде өзі шығаратын бағдарламалардан тұрады.
«Еуразия» бірінші арнасы 1997 жылдың қазан айында «ОРТ Қазақстан» деген атаумен құрылды.[4] Телеарна ресейлік «ОРТ» (Общественное российское телевидение) арнасының орнын басты.
2002 жылы қыркүйекте «ОРТ» телеарнасының атауы ресми түрде «Первый канал» болып өзгертілді. Соның ізімен «ОРТ Қазақстан» телеарнасы «Первый канал Евразия» болып ауысты.[5]
Бастапқы кезде тек «Первый канал» (бұрынғы «ОРТ») арнасының бағдарламаларына ретрансляция жасап, ресейлік жарнама уақытын қазақстандық жарнама ауыстырып отырды. Кейін эфирге Қазақстанда жасалған бағдарламалар да шыға бастады. Қазіргі уақытта арнадағы Ресейден сатып алынатын бағдарламалар үлесі 20%-дан аз мөлшерді құрайды. Олардың ішінде фильмдер және телехикаялар, ойын-сауық бағыттағы шоулар бар.[6]
|
|