Жайна Құрманбекқызы Шекербекова | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Азаматтығы | |
Туған күні |
17 желтоқсан 1989 (34 жас) |
Туған жері | |
Бойы |
154 |
Марапаттар | ||
---|---|---|
Әлем чемпионаты | ||
Қола | Астана 2016 | 51 кг дейін |
Күміс | Дели 2018 | 51 кг дейін |
Қола | Ыстанбұл 2022 | 51 кг дейін |
Азия чемпионаты | ||
Алтын | Астана 2010 | 48 кг дейін |
Алтын | Амман 2022 | 54 кг дейін |
Азия ойындары | ||
Күміс | Инчхон 2014 | 51 кг дейін |
Жайна Құрманбекқызы Шекербекова (17 желтоқсан 1989, Шымкент, Қазақ КСР) — қазақстандық спортшы (әйелдер боксы).
Шымкентте жаттығады (бапкері — Виктор Ничай). Жайнаның алғашқы ірі бастамасы 2009 жылғы Азия ойындары болды, онда Жайна жеңіс тұғырынан бір қадам қалды.
Қазақстан чемпионы (2013, 2014). 2013 жылы Феликс Штаммды (Польша) еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
Азия чемпионы (2010). Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014).
2016 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жеңіп алған жүлде Жайнаға 2016 жылғы Олимпиадаға лицензия берді. Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысқан Жайна ширек финалда 2008 жылғы әлем чемпионы француз Сара Урамунға қарсы өнер көрсетті. Отандасымыз лайықты қарсылық көрсете алмай, жекпе-жектен шығып қалды.
2017 жылғы Қазақстан чемпионатында финалда Назым Қызайбайдан ұтылып, 2017 жылы Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына дайындалу үшін Қазақстан құрамасына кірмей қалды.
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2018 жылдың 24 қарашасында Үндістанда өткен әйелдер арасындағы бокстан 10-әлем чемпионатында Жайна финалдық кездесуде кәріс спортшысы Пан Чхол Мимен кездесіп, оған 0:5 есебімен есе жіберіп, жекпе-жекті күміс жүлдемен аяқтады.