С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1971), заңгер.
Заң ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекеттік-құқықтық реформа кезеңінде».
1963-1966 жылдары - Шымкент облысы Ленин ауданының Энгельс атындағы кеңшарында жұмыс істеген.
1971 жылдан - Шымкент облысының Арыс қалалық прокурорының көмекшісі.
1972 жылдан - Шымкент облысының соттарда қылмыстық істердің қаралуын бақылау жөніндегі прокурорының көмекшісі.
1975 жылдан - Шымкент облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы.
1978 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің әкімшілік және сауда-қаржы органдары бөлімінің нұсқаушысы.
1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі, әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі.
1982 жылдан - ҚазКСР прокурорының орынбасары.
1987-1990 жылдар аралығында - Маңғышлақ, Гурьев облыстарының прокуроры.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Гурьев облысының №70 Индер сайлау округінен сайланған халық депутаты (1990-1994) Заңнама, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
1990 жылдан - ҚазКСР бас прокуроры (1991 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Республикасының).
1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің төрағасы.
1997 жылдан - Бас прокурордың орынбасары - ҚР Бас әскери прокуроры.
Әкесі - Тұяқбаев Айтбай (1902-1978), ұжымшаршы болған. Анасы - Тұяқбаева Тыным (1925-1994).
Үйленген. Жұбайы - Аптаева Бағила Нығметқызы (1949 жылы туған), математик. Қызы - Әзиза (1973 жылы туған); үлдары - Шыңғыс (1974 жылы туған); Әділжан (1977 жылы туған).[2]