Жаштық-Ақ-Алтын | |
Құрылған жылы |
1992, 2015 |
---|---|
Стадионы |
Орталық стадион |
Сыйымдылығы |
6000 |
Жаштық-Ақ-Алтын — Қырғызстанның Қара су қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын 6000 адам сыятын Орталық стадионда өткізген.
Клуб 1992 жылы "Ақ алтын" деген атаумен құрылды. 1998 жылы "Жаштық-Ақ-Алтын" деп өзгертілді. 2010 жылы елдегі саяси тұрақсыздыққа байланысты мемлекеттің түстігінде бірнеше клубпен бірге чемпионаттарға қатысудан бас тартты да, тарап кетті.
Клуб екі рет Достастық кубогына қатысты (2001, 2004), екеуінде де топтан шыға алмады.
Қырғызстан кубогының финалына жеті рет шығып, жетеуінде де жеңілді.
2015 жылы клубтың ізбасары ретінде "Қара су ФК" клубы пайда болып, Қырғызстанның төменгі лигаларында ойнай бастады. Ал 2018 жылғы Қырғызстан кубогына "Жаштық Ақ Алтын" деген атпен тағы бір қарасулық клуб қатысты.