Ауыл | |
Жаңақала | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
49°12′51″ с. е. 50°17′47″ ш. б. / 49.21417° с. е. 50.29639° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°12′51″ с. е. 50°17′47″ ш. б. / 49.21417° с. е. 50.29639° ш. б. (G) (O) (Я) |
Бұрынғы атаулары |
Қисыққамыс |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
9 581[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
07 |
Жаңақала шекарасы
|
Жаңақала — ауыл, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының (1972 жылдан) және Жаңақала ауылдық округі орталығы.
Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде, Көшім өзенінің Бірқазан көліне құяр жеріндегі ақ жусан, сұлыбас өскен шалғынды сортаң топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
1999 жылы тұрғындар саны 6250 адам (3149 ер адам және 3101 әйел адам) болса, 2009 жылы 7202 адамды (3489 ер адам және 3713 әйел адам) құрады.[2]
Іргесі 18-ғасырдың аяқ кезінде "Қисыққамыс" елді мекені болып қаланған. 1997 жылға дейін “Бірлік” асыл тұқымды қой кеңшарының орталығы болып келді. Жаңақалада аудан агробірлестік, өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер, шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істеді. Ауылда “Орта Азия — Орталық” газ құбырының компрессор стансасы, нан зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, құрылыс, көлік, т.б. мекемелер бар.
Орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, емхана, қонақ үй бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.[3][4]
|