Жолақты тораңғы көбелегі

Саны қысқарып бара жатқан түр.


Шөлді жерлерде тіршілік ететін,жолақты тораңғы көбелектер шағын тобының ең сирек кездесетін өкілі. Тұран-иран жергілікті түрі. Таралу аймағы бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлінген. Орта Азия мен Иран шөлдерінде кездеседі. Қазақстанда Iле және Сырдария өзендерінің тоғайлы ормандарынан нақты белгілі. Таралу аймағы қысқарып барады. Тоғайлы жайылма ормандар мен жекелеген тораңғы шағын тоғайларында тіршілік етеді. Соңғы екі онжылдықта мұндай ормандар көлемі күрт қысқарды. Жылына бір рет ұрпақ береді. Көбелектер маусымда ұшады. Жұлдызқұрттары тораңғы жапырақтарымен қоректенеді және көтерілген ағаш қабығының астында торға оранып, қуыршаққа айналады.Тораңғыны кесу, су қоймаларын құру,орман өрттері түр санының азаюына әсерін тигізіп отыр. Түрді қорғау үшін — ең алдымен, түрдің биологиясы мен таралуын зерттеу керек. Сонан кейін қорғалатын жерді анықтап, онда ағаш кесуді тоқтатып, тоғайлы ормандар мен тораңғы шағын тоғайларын құртуға тыйым салу керек.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас.