Координаттар: 38°44′12″ с. е. 9°08′20″ б. б. / 38.73667° с. е. 9.13889° б. б. (G) (O) (Я)
Жоғары техникалық институты | |
Университет атауы | |
---|---|
Шынайы аты | порт. Instituto Superior Técnico |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1911 |
Түрі | жеке меншік |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Лиссабон, Португалия |
Әкімшілік | |
Президенті | Арлиндо Оливейра |
Негізгі көрсеткіштер | |
Студенттер | 11.458 |
Сайты | http://tecnico.ulisboa.pt |
өңдеу |
Жоғары техникалық институты (порт. Instituto Superior Técnico , қысқаша — IST) — португалдық инженерия, сәулет, ғылым және тенология жоғарғы оқу орны.
Институт 1911 жылдың 23 мамыр күні құрылды, алғашқы жетекшісі — Алфредо Беньсауд (порт. Alfredo Bensaúde).
2013 жылдан бастап Лиссабон Университетінің (порт. Universidade de Lisboa) құрамына кіреді.
2013-2014 оқу жылына қарай институт статистикасы:
Елдегі ең үздік оқу орындарының бірі болып саналады: студенттердің 56% оқуды бітірмей тұрып жұмысқа орналасады және 91% - оқуды бітіргеннен кейін 6 ай ішінде жұмыс табады.
Жоғары техникалық институты Еуропаның ең үздік 12 ғылым және технология университеттерін біріктіретін Cluster (Consortium Linking Universities of Science and Technology for Education and Research) құрамына кіреді.
1910 жылы Португалияның Білім беру министрлігі Лиссабон индустрия және сауда институтын екі оқу орнына бөлуді шешті: Жоғары техникалық институты және Жоғары экономика және басқару институты (порт. Instituto Superior de Economia e Gestão). Бірінші оқу орнына жетекші ретінде доктор Алфредо Беньсауд шақырылды. Ол 1892 жылдан бастап технологиялық бағытындағы оқу әдісіне шұғыл және түбегейлі өзгертулер енгізуді талап еткен, бірақ 1910 жылғы Португал революциясына дейін оның ұсыныстары әрдайым қабылданған жоқ.