Жоңышқа қандаласы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Adelphocoris lineolatus (Goeze, 1778) |
Жоңышқа қандаласы (Adelphocorіs lіneolatus) – қансорғыштар тұқымдасына жататын жәндік. Қазақстанның барлық жерінде тараған. Жоңышқа қандаласы – жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде, мақта, қант қызылшасының зиянкесі. Дене тұрқы 7,5 – 9 мм, қоңыр немесе сарғыш-жасыл түсті. Қанат қалқаншаларында екі қара жолағы болады. Жылына 1 – 3 рет ұрпақ береді. Аналығы жұмыртқасын (160-тай) өсімдіктердің сабағына, бұтағына және гүлсидамына салады да, сонда қыстап шығады. Келесі жылы көктемде 25 – 30 күннен кейін дернәсілдері ересек қандалаға айналады. Жоңышқа қандаласы өсімдіктің жас бұтағын, бүршігін, гүлшанағын, гүлін және жемісін сорып, зақымдайды. Жоңышқа қандаласы зақымдаған өсімдіктің жапырағы, бүршігі, шанағы сарғайып гүлі түсіп қалады. Егіс өнімінің 75%-іне зиян келтіреді. Күресу шаралары: ерте көктемде егіс алқабын алдыңғы жылғыдан қалған өсімдік қалдықтарынан тазалау керек, егіс алқабына фосфорлы органикалық инсектицидтер бүрку қажет.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |