Жұмсақтүк (Malachіum) – қалампыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық су қоймаларында, сортаңды жерлер мен бау-бақшаларда, кейде шалғындар мен орман алқаптарында су Жұмсақтүгі (M. aquatіcum) өседі. Биіктігі 10 – 15 см. Сабағы жерге төселіп өседі. Жұмыртқа тәрізді, жіңішке жапырақтары бар. Тостағанша, күлте жапырақшалары – бес-бестен болады. Ақ гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – қауашақ. Жұмсақтүкті ұсақ мал жақсы жейді. [1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |