Зығыр бүргесі

Зығыр бүргесі
1-дернәсілі, 2-қуыршағы, 3-бүрге
1-дернәсілі, 2-қуыршағы, 3-бүрге
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Arthropoda
Табы: Insecta
Сабы: Coleoptera
Тұқымдасы: Chrysomelidae
Кіші тұқымдасы: Alticinae
Тегі: Aphthona
Chevrolat, 1836

Зығыр бүргесі (лат. Aphthona) – жапырақжегіш тұқымдасының қатты қанаттылар тобына жататын қоңыз; Солтүстік Қазақстанда өсетін шашақты зығырдың негізгі зиянкесі.

Зығыр бүргесінің үш түрі бар:

  • көк зығыр бүргесі (Aphthona cuphorbіae Schrank), ұзындығы 1,8 – 2 мм;
  • қоңыр зығыр бүргесі (Aphthona slavіceps Payk);
  • қара зығыр бүргесі (Longіlarsusparvulus Payk), ұзындығы 1,2 – 1,5 мм.

Зығыр бүргесі жыртылмаған жерлерде және зығыр егістіктерінде қыстайды. Бүргелер сәуірдің ортасында не аяғында тіріледі. Зығыр егістігіне қоныстанып, өсімдік жапырақтарымен, бүршіктерімен қоректенеді. Бұдан зығырдың түсімі төмендейді, өсіп-өну мерзімі 10 – 15 күнге кешігеді. Қоректену кезінде бүргелер жұмыртқаларын топыраққа және зығыр тамырына салады, дернәсілдері өсімдік тамыры бойын жаралап қоректенеді, оларды сарғайтып кептіреді. Зығыр бүргесі дернәсілдерінің түсі ақ, ұзындығы 2 – 4 мм, даму кезеңі 26 – 29 күнге созылады. Жылына бүргелер бір рет көбейеді. Маусым – шілде айларында ересек қоңыздары шығады, зығырды зақымдайды, сабағының қабығын жейді. Көк зығыр бүргесі зығырдың 15 – 20%-ын, қалғандары 80 – 85%-ын зақымдайды. Тамыз – қыркүйек айларының аяғында қыстық ұйқыға кетеді.

Күресу шаралары: дернәсілдері мен қоңыздарына қарсы 0,2 – 0,3% анабазин-сульфат, никотин-сульфат ерітінділеріне 0,4% сабын ерітіндісін араластырып шашады. 1 га-ға тиофосфаттың 0,025 – 0,05%-дық 400 – 500 л ерітіндісін бүркеді. [1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Сыртқы сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]