Иван Алексеевич Акулов (1888 жыл12 сәуір, Санкт-Петербург – 1937 жыл30 қазан) – кеңес партиялық және мемлекет қайраткері, КСРО-дағы бірінші прокурор, Қырғыз(Қазақ) жерін басқаратын Революциялық комитеттің II төрағасы. Қуғынға ұшыраған, қайтыс болғаннан кейін ғана жазасы аяқталған.
1905 жылы Санкт-Петербург сауда-өнеркәсіп мектебін бітірген. “Сауда-өнеркәсіп газеті” редакциясында кеңсе қызметкері, кәсіподақ комитетінде жұмыс істеген.
1917 – 1918 жылдары Екатеринбург комитетінің хатшысы. 1918 жылы РК(б)П Орал облыстық комитетінің хатшысы.
1918 – 1919 жылдары Орынбор, Вятск губерния комитетінің және Вятск губерния атқару комитетінің төрағасы.
1920 жылдың қыркүйек - 1921 жылдың қазан аралығында РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық бюросының жауапты хатшысы қызметін атқарды.
1921 – 1922 жылдары РК(б)П Қырым революциялық комитеті және облыс комитетінің хатшысы.
1927 – 1929 жылдары Бүкілукраиндық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болды.
1930 – 1931 жылдары КСРО халық комиссарының орынбасары.
1931 – 1932 жылдары КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) төрағасының бірінші орынасары қызметін атқарды.
1932 – 1933 жылдары Украина КП ОК-нің Донбас бойынша хатшысы қызметін атқарған.
1933 – 1935 жылдары КСРО прокуроры болып жұмыс істеген.
1935 – 1937 жылдары КСРО ОАК хатшысы қызметтерін атқарған.
1937 жылы 23 шілдеде тұтқынға алынып, 1937 жылы 30 қазанда контрреволюциялық әскери қастаңдық ұйымдастырды деген айыппен өлім жазасына кесілді. 1954 жылы ақталды.[1]