Иерсиниоз — инфекция қоздырғышы фекальді-оральді жолмен берілетін өткір зоонозды бактериалдық ауру. Клиникалық көрінісі полиморфизмді: асқазан-ішек жолдарын, буындарды зақымдаумен, сондай-ақ интоксикация, қызба өршуі және рецидивімен сипатталады.
Қоздырғыштары - Yersinia pseudotuberculosis (Y.pst) және Yersinia enterocolitica (Y.ent). Versinia туысына, enterobacteria тұқымдасына жатады. О,Н антигендері бар (Vжәне W-вирулентті антиген). О-антигені бойынша 8 (Y.pst) және 51 (Y.ent) сероварианттары бар. Олар инвазияға және клеткаішілік паразиттауға қабілетті. Сонымен қатар эндо және экзотоксин бөліп шығарады. 22-28С (оптимальды) және 2-4С температурада көбейеді, сыртқы ортаға төзімді.
Таралуы жергілікті және ошақты. Инфекция көздері: жабайы және синантропты кемірушілер (негізгі резервуар), ауыл шаруашылық жануарлар (ірі қара мал, шошқа, жылқы т.б.), үй жануарлары (ит, мысық), үй және жабайы құстар, адам (ауру және бактериотасымалдаушы). Берілу жолдары: алиментарлы (негізінен жиі жеміс-жидекпен), су арқылы (ашық су қоймалары), тұрмыстық қатынас (жиі ауруханаішілік және жанұялық ошақта). Мезгілі: қыс, көктем айлары. Иммунитет – толық жетілмеген.
Негізгі факторлар: инфекциялық, токсикалық, аллергиялық, иммунопатологиялық Ену жолдары-ішек және ауыз қуысының шырышты қабаты (тоқ ішектің бастапқы бөлігімен, мықын ішектің дистальді бөлімі). Патогенез фазалары: қоздырғыштың енуі және біріншілік зақымдалу (энтеральды), аймақтық ошақтарда көрінуі және жалпы реакция (регионарлы), генерализация, гематогенді диссеминация, 2-лік көп ошақты, реактивті аллергиялық және иммунопатологиялық өзгерістер.
Патологиялық процестің айтарлықтай өзгеру көрінісі оның қолайлы жерде орналасуымен байқалады.
Iшек иерсиниозы мен псевдатуберкулездің клиникалық көрінісі полиморфты және бір-біріне ұқсас. Сондықтан бұлдардың салыстырмалы диагнозы қиян. Иерсиниоздың клиникалық жіктелуі:
Ауру формасы | Клиникалық варианты |
---|---|
гастроинтестинальды |
|
абдоминальді |
|
генерализденген |
|
2-шілік ошақты |
|
Ауыр ағымы бойынша: жеңіл, орташа ауыр, ауыр. Ағымы бойынша: өшірілген, жедел, созылыңқы, созылмалы. Иерсиниоздың негізгі клиникалық көрсеткіштері: гастроинтестинальді формасы 50% жиілікте кездеседі. Интоксикация көрінісінде гастроэнтероколит түрі бойынша өтеді. Қосымшалық болуы мүмкін: бауырдың ұлғаюы, малиналы тіл, буындағы ауырсыну, катаральді көріністер, әр түрлі сипаттағы шамалы бөртпе, күйдіру сезімі (алақан және табанда), қабыршақтану (2-3 айдан кейін), толқын тәрізді ағым Абдоминальды формасы:интоксикалық көріністе оң және мықын аймағында аппендицит, мезаденит ауырсыну синдромымен өтеді. Сонымен қатар артралгия және миалгия, бауыр ұлғаюымен жүреді. Генерализденген формасы: аралас варианты-интоксикация симптомы (қалтырау, қызба, бас ауру, бас айналу, апатия, әлсіздік, ұйқысыздық, тершеңдік, сүйек сынғыштығы, бұлшық еттегі ауырсыну) немесе асқазан-ішек жолдарының симптомдарымен (іштегі ауырсыну, құсу, жүрек айну, іш өту) басталады. Катаральді синдром (тамақтағы ауырсыну, құрғақ жөтел), алақан-табандағы күйдіру сезімі, буындағы ауырсынумен көрінеді. Обьективті белгілерге сипаттама: бет, мойын гиперемиясы , қол-аяқ сүйектерінің гиперемиясы (қолғап, шұлық симптомы), коньюктивит, энантема, аурудың 2-3-ші күніндегі экзантема (кейде 1-ші күні) әртүрлі сипаттағы (дақты, папулезді, артикальді, эритрематозды т.б.) дақтар. Кейде қышумен бірге (ірі буынның айналасы және табиғи қатпарлардағы бүкіл денеге жайылған), 2-ші аптадағы қол саусақтары, алақан, табан терілерінің ірі немесе ұсақ пластикалық қабыршақтануы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ағымның 5-6 күніндегі толқын тәрізді қызба. Болуы мүмкін; гепатит, серозды менингит, пиелонефрит, пневмония. Септикалық вариант: (2-3% жағдайда). Өзгерудің сипаты: гектикалық түрдегі ұзақ қызба, қалтырау, профузды, айқын интоксикация, әртүрлі мүшелер мен жүйелердің зақымдануы (пневмония, полиартрит, миокардит, эндокардит, менингоэнцефалит, жедел бүйрек жетіспеушілігі, гепатит т.б. ІІ-лік ошақты форма: мына түрде көрінеді:, моно және полиартрит ірі буындардағы (5-8%), гастроэнтерит өткергеннен кейін 2-3 аптадан кейінгі түйіндер эритема (2-10%), типтік көріністегі миокардит, Рейтер синдромы (артрит, коньюктивит, уретрит)
Иерсиниоз диагнозын зертханалық зерттеудің оң (+) қорытындысымен және клинико эпидемиологиялық мәлімет негізінде қояды. Зертханалық әдістер:
Салыстырмалы диагнозы: иерсиниоздардың салыстырмалы диагнозын ас-токсикоинфекциясымен, сальмонеллезбен, дизентериямен, скарлатиналық және клиникалық көрінісі ұқсас басқа да аурулармен жүргізді.
Ауру ағымының ауырлығымен және клиникалық формалардың көрінісімен жүргізіледі. Комплекстік емге кіреді:
Көрсеткіштер бойынша:
Шығару ережесі:иерсиниозбен ауырған адамдарды клиникалық сауығу көрінісі пайда болғанда шығарады.
Tамақтардың бұзылуын алдын алу үшін санитарлы-гигиеналық шаралар жүргізеді.