Индохиус

Индохиус- 48 миллион жыл бұрын Индия субконтинентінде өмір сүрген раоэллид тұқымдасының жойылып кеткен жұптұяқтылар туысы.Толық қаңқасы Кашмирде 2007 жылы табылған.Зерттеулерден кейін,раоэлидттердің құрлық сүтқоректілері мен киттердің байланыстырушысы екенін мәлімделді.Индохиустың көлемі жанаттың көлеміне сәйкес келген,қазіргі Африкадағы еліктерге ұқсас.Ішкі құлақтағы «зонтичная кость» киттерде де бар.Бұл-киттердің индохиустардан тарағанының дәлелі.Сонымен қатар,тістерінің құрылысы да ұқсас.Ерте кезде,киттердің арғытегі сусиырлар деп санайтын.Бірақ,бұл теорияға қарсылығы олардың географиялық орналасқан аймақтары мен эволюцияда өте кешірек пайда болғандары дәлел.Алғашқы киттер қазіргі Пәкістан жағалауларында пайда болса,сусиырлар Африкада пайда болған.Индохиустар Индияда пайда болғандықтан,киттерге жақын болып келеді.Болжам бойынша,индохиус сулы ортада жыртқыштардан қорғанған,әрі,шөпқоректі болған.Бұны тістерінің құрамы мен құрылысынан біле аламыз.Киттәрізділердің қорегіне ет пен балық кейін кіре бастады.

1992 жылдары құрлық жануарынан су жануарына айналудың келесі сатысы табылды. Ambulocetus natans солтүстік Пәкістанда тіршілік еткен.49 миллион жыл бұрын өмір сүрген.

Классификациясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Патшалық:Жануарлар

Тип:Хордалылар


Тип тармағы:Омыртқалылар

Класс:Сүтқоректілер

Отряд:Жұптұяқтылар

Отряд тармағы:Күйіс қайырушылар

Тұқымдас:Раоэллидтер

Туыс:Индохиус [1]

  1. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D0%B4%D0%BE%D1%85%D0%B8%D1%83%D1%81%D1%8B