Истислах

Истислах (араб.: استصلاح‎ — пайданы қамтамасыз ету) — қияс жолымен үкімін шығару мүмкін болмаған фиқһтык мәселенің үкімін шариғаттың мақсаттарына, фикһтың жалпы қағидаларына сай анықтау әдісі. Зиянның жойылуы да нәтижеде маслахат болып табылатындықтан, жалпы мағынада оның құрамына кірелі. Фақиһтер (мұсылман заңгерлер) Ислам дініндегі үкімдердің құлдардың осы және арғы дүниедегі мүддесі мен бақытқа жетуін қамтамасыз ету мақсатында бағытталғаны және Аллаһ пен Пайғамбар ﷺ бұйырған нәрселердің құлдардың пайдасына, ал тыйым салған нәрселердің залалына болғандығы турасында ортақ пікірге келген. Алайда барлық оқиғалардың үкімдері Құранда немесе сүннетте жеке-жеке көрсетілмегендіктен, кездесетін жаңа оқиғалардың мүмкін болса қияс жолымен, ал қияс мүмкін болмаған жағдайларда настардан, яғни аят және хадистерден шығарылған жалпы қағидаларға сай үкімін анықтау қажеттілігі туындаған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1