Италия өзендері

Адидже
Адда
Тичино

Италияның өзендері солтүстікте айқын байқалатын, суы мол тығыз желіні қалыптастырады. Италияның ең үлкен өзені  — По, салалары және каналдарымен ірі транспорттық жүйені қалыптастырады. Падан жазығының шығыс бөлігінде Адидже, Брента, Пьяве, Рено және басқа да өзендер ағып өтеді. Солтүстік Италияның өзендері жаңбырлы қоректенуден басқа қар және мұздықтардың арқасында қоректенеді, бұл өзендер көктемгі-жазғы және күзгі тасқындармен сипатталады. Өзендер ауыл шаруашылығында суландыру үшін қолданылады.  Альпі өзендері гидроэнергияның қайнар көзі болып табылады. Апеннин түбегінің өзендері суы аз болып келеді, қоректену түрі - жаңбырлы. Күзгі және қысқы селдермен сипатталады, ал жазда көбінесе бұл өзендер құрып қалады.  Айрықша үлкен өзендер —  Арно және Тибр[1].

Ұзындығы бойынша ең ірі өзендердің тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Италияның ең ұзын өзендерінің тізімі:


Өзен Итальяндық атауы Жалпы ұзындығы,

км

1 По Po 676
2 Адидже Adige 410
3 Тибр Tevere 404
4 Адда Adda 313
5 Тичино Ticino 248
6 Танаро Tanaro 242
7 Арно Arno 241
8 Пьяве Piave 220
9 Рено Reno 211
10 Ольо Oglio 191
11 Вольтурно Volturno 177
12 Тальяменто Tagliamento 172
13 Панаро Panaro 165
14 Дора-Бальтеа Dora Baltea 162
15 Брента Brenta 160

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Главный редактор А. М. Прохоров. Большая советская энциклопедия. Третье издание. Том 11. ИТАЛИЯ - КВАРКУШ. — М.: «Советская энциклопедия», 1978. — С. 6.