Итах

Итах әл-Хазари (араб.: إيتاخ الخزري‎;849 жылы қайтыс болған) — аббас халифы, Мұхаммед әл-Мұғтасымның әскери қолбасшысы.

Оның нисбасы бойынша Итах шығу тегі бойынша хазар және әл-Мұтасиммен 815 жылы гулам ретінде сатып алынбағанша «әл-Таббах» (аспазшы) лақап атына ие болған Салам әль-Абраш әл-Хадимның ас үйіндегі құл[1][2]. Ол кейіннен әл-Мұтасимның түрік гвардиясының аға командирлерінің бірі болып, бірнеше шайқастарға, олардың ішінде Аморияны қоршап алуға қатысты.

әл-Мұтасим кезінде Итах Аббас Самаррасында шорта басшысы болды және халифтың жеке гвардиясын басқарды[1]. 842 жылы билікке әль-Уәсиктың келуімен Итах Ашинас әскери қолбасшысымен бірге халифаттың маңызды адамдары болды[3]. 843 әлде 844 жылы әль-Уәсик Итахты Йемендегі наменгер ретінде тағайындады[1]. 844 әлде 845 жылы Ашинастың қайтыс болуымен Итах Мысырдағы наменгер ретінде тағайындалды. Бұл лауазымды ол Хартамах ибн әл-Нәдір әл-Жабалиға берді[1][3]. Якубидың жылнамалары әл-Уәсик кезінде Итах Ұлы Хорасан, Синд пен Тигрдың жағасындағы жерлерді басқарды деп хабарлайды[1].

847 жылдың тамызында әл-Уәсиктың кенет қайтыс болуынан кейін Итах халифтың ізбасарын таңдауы тиіс жоғарғы қади Ахмад ибн Әби Дуад пен әскери қолбасшы Уәсиф әл-Түркимен уәзір Мұхаммад ибн әл-Зайятпен бірге маңызды шенеунік ретінде тағайындалды. Ибн әл-Зайят халифтың орнына әл-Мұтасимның ұлын әл-Мұхтадиды ұсынды. Бірақ ол басшылыққа әлі жас болды. Кеңес әл-Мұтауәкіл халифы ретінде әл-Мутасимның басқа ұлын, 26-жасар Жафарды тағайындады[4][5]. Жаңа халиф барлық халифатты басқарған әкесінің қызметшілерінен құтылуды шешті[6]. Бірінші нысанасы әл-Мұтауаәкіл өткеніне құрметтемеген уәзір ибн әл-Зайят болды. 847 жылдың 22 қыркүйегі ол Итахты ибн әл-Зайятқа кездесуге келу сұрауы жолдауымен жіберді. Уәзірді Итахтың үйіне алып келіп, онда Итах оны үй қамағына қамап, өлгенше азаптап, оның жеке мүлігін екшелейді[7][8]. Бұл Итах мансабының жоғарғы шегі болды: ол хаджиб лауазымын алып, сарай күзеті мен баридтың (тыңшылар жүйесінің басшысы) басшысы болды[3].

Алайда 848 жылы Итахты қажылық жасауға және өз өкілеттілігін босатуға көндіреді. Қажылықтан келген соң Итахты тұтқындап, барлық мүлігін тартып алады (жеке үйінің өзінен халифтың тыңшылары миллион алтын динар табады). Итах 849 жылы шөлден түрмеде қайтыс болады[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d e Kraemer, 1989, p. 9 (note 17)
  2. Bosworth, 1991, p. 46
  3. a b c d al-Turkī, 2004
  4. Kennedy, 2006, pp. 232–233
  5. Kraemer, 1989, p. 68
  6. Kennedy, 2006, p. 234
  7. Kraemer, 1989, pp. 65–71
  8. Kennedy, 2006, pp. 234–236