Йоллығтегін | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
734 — 739 | ||
Ізашары | Білге қаған | |
Ізбасары | Білге Құтлұқ қаған | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | белгісіз Шығыс Түрік қағанаты | |
Қайтыс болуы | 739 | |
Әкесі | Білге қаған | |
өңдеу |
Йоллығтегін қаған — Шығыс Түрік қағанатының 9-шы қағаны. Білге қағанның ұлы.
Әкесі өлгеннен кейін қағанат ақсүйектерінің келісімімен таққа отырған еді. Бұл адам - жазушы, тарихшы, екі бірдей орхон жазбалары мәтіндерінің авторы. Ол әкесінің саясатын жалғастырып, тығырықтан шығар жол іздеді.Әкесі Қытай императорының тапсыруымен өлтірілгеніне қарамастан, ол Қытайға үш рет елшілік жібереді. Йоллығтегін ең жақсысы - дүниенің төрт бұрышындағы бүкіл халықты бағандырып, басын игізіп, тағзым еткізу деп есептеді. Оның ата-бабалары да осылай істеген. Ол әрқашан да көшпенділер тұрмысына қытай мәдениетінің дендеп кіруіне қарсы болатын. Ол материалдық мәениетті қытай идеологиясын енгізудің құралы деп түсінді. Йоллығтегіннің: "Алтын, күміс, өнімді, жібекті сонша көп беріп жатқан табғаш халқы сөзі тәтті, қазынасы асыл еді. Тәтті сөзін, жұмсақ қазынасын беріп, алыс халықты өзіне жақындатқан еді. Жақын қонған соң,олардан жаман-жақсылықты енді үйренген едік. Игі білгіш кісілерді, игі батыр кісілерді қозғалта алмады. Бір кісі жаңылса, руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді. Тәтті сөз, жұмсақ қазынасына көп сеніп, түркі халқы жойылды! Сонда өш адамдар былай сендірген еді: "Жырақ болса,жаман сыйлық берер, жақын болса, жақсы сыйлық берер",-деп...Білік білмес кісілер сол сөзді алып, жақын барып, көп кісі өлді...Өтүкен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Сонда, түркі халқы, тоқ болатын едің. Ашсың ғой сен: аштықта тоқтықты түсінбейсің, бір тойсаң, аштықты ойламайсың сен!",-деген сөзі түркі халықтары үшін бүгін де көкейкесті емес деп ешкім айта алмас. Сөйтіп,Йоллығтегін есімі тек қағандығымен емес, бәрінен бұрын, тасқа ойып жазғанымен мәңгілік қадірлі болып қалды. Ол, әсіресі, түркі халықтарының бірлігін армандады. Ендеше, ол сонау Кұлтегін ескерткішіндегі үлкен жазудың әріп-харіптерінен: "Үстіңнен тәңірі баспаса, астында жер айырылмаса, түркі халқының ел-жұртын кім құртады?! Түркі халқы, өлдің!... Біресі ілгері шаптың, біресе кері шаптың. Барағн жерден не жақсылық таптың? Қаның судай ақты, сүйегің таудай болып жатты. Бек ұлдарың құл болды, сұлу қыздарың күң болды...",-деп тұрғандай. 739 жылы Йоллығтегін қайтыс болды.[1]
|