Казахстанская правда |
|
Иесі |
«Қазақ газеттері» ЖШС
|
---|
Бас редакторы |
Сәбит Малдыбаев
|
---|
Құрылған жылы |
1920 жыл
|
---|
Тілі |
орысша
|
---|
Мерзімділік |
аптасына 5 рет
|
---|
Бас кеңсесі |
Қазақстан: 010008, Астана қ, «Егемен Қазақстан» көшесі 5/13
|
---|
Тиражы |
80 000
|
---|
|
kazpravda.kz |
“Казахстанская правда” – республикалық қоғамдық-саяси газет, Қазақстандағы беделді мерзімді басылымдардың бірі. Құрылтайшы және шығарушы – “Қазақ газеттері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- 1920 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін “Известия Киргизского края”,
- 1921 жылдың 1 шілдесінен 1923 жылдың 18 қарашасына дейін “Степная правда”,
- 1923 жылдың желтоқсанынан 1931 жылдың аяғына дейін “Советская степь” атауымен жарық көрді.
- 1932 жылдың қарашасынан “ Казахстанская правда ” атымен шығып келеді.
- 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) ревкомының,
- 1921 – 23 жылы РК (б) П Қырғыз (Қазақ) обкомы мен Орынбор губкомының және Қырғыз (Қазақ) ОАК мен Орынбор Кеңесінің, *1923 – 25 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) ОАК-нің,
- 1925 – 37 жылы БК(б)П Қазақстан өлкелік комитететі мен Қазақстан ОАК және Кәсіпшілер одағы кеңесінің,
- 1937 – 91 жылы Қазақстан КП ОК-і, Қазақ КСР Жоғасыр Кеңесі мен Министрлік Кеңесінің органы болды.
- 1957 жылы ұйымдастырушылық және насихаттық қызметі үшін он мыңыншы санының жарық көруіне байланысты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
- 1991 жылдан республикалық қоғамдық-саяси газет. “ Казахстанская правда ” еліміз бастан өткерген тарихи кезеңдер мен оқиғаларға дер кезінде үн қосып отырды. Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтарды жиі жариялап тұрады.
Аптасына 5 рет орыс тілінде шығады. Көлемі – 2 баспа табақ, таралымы – 71827 дана (2002).[1]
- 1920. Валерий Лежава-Мюрат
- 1921. Дмитрий Наронович
- 1921—1922. Александр Марьин
- 1922—1923. Петр Кусмарцев
- 1923—1925. Лев Хейфец
- 1925. Николай Феоктистов
- 1926. Николай Туриков
- 1926—1928. Александр Швер
- 1928. Николай Пищальников
- 1929. Николае Мартыненко
- 1929. Павел Рысаков
- 1929. Садық Сафарбеков
- 1929—1930. Борис Красный
- 1930. Николай Седов
- 1930—1932. Пётр Варламов
- 1932—1933. Аркадий Савин
- 1933. Иван Губанов
- 1933—1937. Николай Верховский
- 1937. Николай Гусев
- 1937—1938. Даниил Терентьев
- 1938—1940. Александр Шумаков
- 1940. Сергей Костюхин
- 1940—1948. Константин Нефедов
- 1948—1955. Игнат Никитин
- 1955—1957. Константин Нефедов
- 1957—1963. Фёдор Боярский
- 1963—1965. Андрей Кияница
- 1965—1979. Фёдор Михайлов
- 1982. Иван Спиваков
- 1982—1986. Альберт Устинов
- 1986—1991. Фёдор Игнатов
- 1991—1994. Вячеслав Срыбных
- 1994—1997. Григорий Дильдяев
- 1997—2003. Валерий Михайлов
- 2003—2017. Татьяна Костина
- 2017—2022. Асыл Сағымбеков
- 2022 жылдан бастап — Сәбит Малдыбаев[2]
- «„Казахстанская правда“ РГ» АҚ басқарма төрағалары
- 1999—2002. Анатолий Гурский
- 2002—2003. Бағлан Майлыбаев
- 2003—2005. Олег Червинский
- 2005—2007. Олег Квятковский
- 2007—2011. Александр Тараков
- 2011—2014. Жанай Омаров
- 2014—2016. Александр Тараков
- 2016—2021. Вячеслав Пащенко