Ауыл | |
Казталовка | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты |
1930 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲5 654[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
07 |
Казталовка шекарасы
|
Казталовка — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, аудан (1934 жылдан) және Казталов ауылдық округі орталығы.
Облыс орталығы – Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 330 км жерде, Сарыөзеннің сол жағалауындағы бидайық, көкпек басым әр түрлі шөптер өскен шөлейт белдемде орналасқан.
1999 жылы тұрғындар саны 5008 адам (2511 ер адам және 2497 әйел адам) болса, 2009 жылы 5055 адамды (2499 ер адам және 2556 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5560 адамды (2763 ер адам және 2797 әйел адам) құрады.[3]
Іргесі 19 ғасырдың 30-жылдары қаланған. 1961-1997 жылдары Казталов қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Казталовкада және ауылдық әкімшілік округке қарасты Бозоба, Қоныс, Сексенбаев ауылдарында бұрынғы құрылыс, көлік, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындар “Мирас” серіктестігіне, өндірістік кооперативке және 24 шаруа қожалығына біріктірілген.
Ауылдарда 3 орта, 2 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, клуб, мешіт, музей, аурухана, емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Казталовка арқылы мемлекеттік маңызы бар Орал – Казталовка – Жәнібек автомобиль жолы өтеді.[4]
|