Карамоджонг | |
карамоджо | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
258 307 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі сенімдер |
Карамоджонг (карамоджо) — Угандада тұратын нилот тобының халқы. Олар таулармен қоршалған үстірттерде тұрады.[1] 2002 жылғы Уганда санағы бойынша саны 258 307 адам, бұл ел халқының 1,1% құрайды.[2]
Тілі карамоджонг тілі.[3]
Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[4]
Антропологтардың пікірінше, Карамоджонгтар қазіргі Эфиопиядан шамамен 1600 жылы қоныс аударған және екі тармаққа бөлінген топтың бөлігі болып табылады, бір тармағы қазіргі Кенияға көшіп, Календжин және Масаи тобын құрады. Атекер деп аталатын тағы бір тобы батысқа қоныс аударды. Әрі қарай Атекер бірнеше топқа бөлінді, соның ішінде қазіргі Кениядағы туркана, итесо, додот, джи, карамоджонг және қазіргі Угандадағы кумам, сонымен қатар Суданның оңтүстігіндегі джие мен топоса.
Карамоджонгтар бастапқыда Цзе деп аталған. Карамоджонг есімі "экар нгимоджонг" сөзінен шыққан. Дәстүр бойынша, қазір Карамоджонг шоғыры немесе Тесо шоғыры деп аталатын халықтар Абиссиниядан 1600-1700 жылдар аралығында біртұтас топ ретінде қоныс аударды. Олар қазіргі Кения-Эфиопия шекарасының айналасына жеткенде, бірнеше топқа бөлінді, соның ішінде туркана, топоса және додот.[5]
Негізгі дәстүрлі кәсібі – ерлер шалғайдағы жайылымда мал шаруашылығы, әйелдер – егіншілік (тары). Қолөнерден – тері тігу, сүйектен әшекей бұйымдар жасау дамыған. 19 ғасырдың аяғынан бастап олар піл сүйегі саудасына қатысты.[6]
Масай жүйесіне жақын патррилиндік рулар, жас топтар жүйесі бар. Отбасы көп балалы, патрилокалды, көп әйелділ алушылық бар.
Елді мекендері – краал деп аталады. Сазбен сыланып, бекітілген таяқшалардан жасалған, төбесі шөппен жабылған үйшік, кіреберісі шығыңқы аласа туннель тәрізді, терезелері жоқ.
Дәстүрлі киімдері – боялған былғарыдан жасалған оранатын киімдер, металлдан және моншақтан жасалған әшекей бұйымдар, түйеқұс қауырсынынан жасалған бас киім, сисал талшықтарымен өрілген күрделі шаш үлгілері. Ер адамдар сырға тағып, зергерлік бұйымдарды пайдаланады.
Дәстүрлі тағамдары – тары ботқасы, қан қосылған сүт, ет.[7]