Карлос Эрнандес

Карлос Эрнандес (23 қаңтар 1971, Лос-Анджелес, Калифорния штаты) - американдық кәсіпқой боксшы. Ол бокс тарихына жартылай жеңіл салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы Дэвид Сантосты жеңуімен кірген. Карлос Эрнандес ол бос атақтарға Алексис Аргуэльо, Роберто Дуран сияқты боксшылармен рингте қолғап түйістірген. 2003 жылы 4 қазанда ол жеңіл салмақтағы бұрынғы IBF тұжырымының әлем чемпионы Стив Форбсты он бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Эрнандес 1991 жылы АҚШ еліне қоныс аударады. Оның арманы чемпион болу еді. Оның көрсеткіші 43 жеңіс, 8 жеңіліс және 1 тең нәтиже 24 нокаут болатын. Ол осыған дейін Хенаро Эрнандес және Флойд Мэйуэзер-кішіге қарсы айқасып жеңіліс тапқан болатын. Эрнандес 2005 жылы 28 мамырда Хесус Чавестен жеңіліс табады, егер жеңіске жеткен жағдайда басқа маңызы жоғары чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік туатын еді. 2005 жылы 8 қазанда Бобби Пакьяодан күмәнді жеңіліске ұшырайды, ол Филиппиндық Мэнни Пакьяоның бауыры болатын.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]