Кемактар

Кемактар
эма
Ең көп таралған аймақтар
 Индонезия

85 000[1]

 Шығыс Тимор

25 000[2]

Тілдері

кемак тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер, католицизм

Кемактар (өз атауы; эма)[3] — Жалпы саны 110 мың адам болатын аустронезия халқы. Негізгі қоныстанған елдері: Индонезия – 85 мың адам, Шығыс Тимор – 25 мың адам.[4]

Тілі - кемак тілі.[5]

Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі – католиктер. Христиандық (Тимор-Лестеде 94%, Индонезияда 90%), дәстүрлі наным-сенімдер (Тимор-Лестеде 6%, Индонезияда 10%).[6]

Кемактар – егіншілікпен, қол шаруашылығымен айналысады. Олар жүгерінің, күріштің екі сортын, кокос жаңғағын, таро, ямсты өсіреді. Мал шаруашылығы дамыған. Буйвол, ешкі, құс (тауық) өсіріледі.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Территориялық қауымдастықты (суку) руларға бөлінген көсем (дато) басқарады, олар өз кезегінде патрилинейлік болып бөлінеді. Орталық алаңда әрбір рулық қауымның ғұрыптық коммуналдық үйі (умар но апир) бар. Отбасы кішігірім, неке неолокалдық. Туысқандық некелер қабылданады, онда жас жігіт анасының ағасының немесе әкесінің қарындасының қызына үйленеді.[8]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді мекендері сақина тәрізді болып салынған. Ауылшаруашылық жұмыстары кезінде кемектер далада уақытша баспана тұрғыза алады. Үйлері әдетте тікбұрышты және тіректерге салынған, төбесі өте биік. Коммуналдық үй қарапайым тұрғын үйден пішіні бойынша ерекшеленеді - ол әрқашан дөңгелек пішінді болып келеді.[9]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әдеттегі дәстүрлі киімдері «тайс» деп аталады.[10]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  2. Кемактар. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  3. Кемактар. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  4. Кемак. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  5. Кемактар. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  6. Кемак. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  7. Кемак халқы. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  8. Әлем халықтары/Кемактар. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  9. Кемактар. Тексерілді, 29 тамыз 2024.
  10. Кемактар. Тексерілді, 29 тамыз 2024.