Кермексабын (лат. Limonium otolepis) - кермек туысының бір түрі. Биіктігі 20-120 см, сабағы түксіз, тамыры жуан, жапырағы ерте түсетн көп жылдық өсімдік. Жапырағы сопақша пішіндес. Тұқымы қызғылт қоңыр, ұзындығы 1,1 мм, ені 0,6 мм. Мамыр - тамыз айларында гұлдейді, маусым - қыркүйек айларында жеміс береді. Кермексабын Солтүстік Ауғанстан, Батыс Қытайда, Орта Азияда таралған. Қазақстанда Ембі, Қарқаралы, Арал маңы , Қызылорда облысы, Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұмда, Түркістан төңірегінде, Шу-Іле тауында, Қаратау, Батыс Тянь-Шяньда өседі. Кермексабынның тамырында 6-21 %-ға дейін илік зт - танин болады.[1]