Кнуд Есперсен (2 сәуір 1926, Ольборг — 1 желтоқсан 1977) — дат жұмысшысы қозғалысының қайраткері. Жұмысшы отбасында дүниеге келген. Неміс-фашист басқыншылары Данияны окуппациялаған кезде (1940 жылы 9 сәуір - 1945 жылы 5 мамыр), қарсылау қозғалысына қатысып, қарулы топқа басшылық еттті. Есперсен 1942 жылы Дания Коммунистік партиясы қатарына кірді. Дания оккупациядан босатылғаннан кейін, Даниядағы қойма және порт жұмысшыларының аса ірі кәсіпорындарының қызметіне белсене қатысты. Есперсен 1953 жылы осы кәсіподақтың Ольборгтегі бір бөлімінің председателі болған. 1952 жылы ДКП ОК мүшелігіне қабылданды. 1958 жылы қарашада ДКП 20 съезінен кейін ДКП ОК пленумында партияның төрағасы болып тағайындалды.