Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Кокушикан унивеситеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Жалпы сипаттамасы | |
Орналасуы | |
Мекенжайы | Жапония |
Әкімшілік | |
Негізгі көрсеткіштер | |
өңдеу |
Кокушикан унивеситеті (жапон. 国士舘大学(こくしかんだいがく), ағылш. Kokushikan University) — Жапонияның астанасы Токио метрополитетінің Сетагая қаласында орналасқан жеке меншік жоғарғы оқу орны. 1958 жылы құрылған. Жапонша қысқаша атауы «Кокушидай».
Кокушикан университеті 1917 жылы Токуджиро ШИБАТА (20.12.1890 - 26.01.1973) есімді білім саласындағы қайраткер құрған жеке меншік мектептің негізінде құрылған университет. Бастапқы кезеңде жасөспірімдерге білім беру мақсатында орташа білім орны ретінде құрылып, 1958 жылы жоғары оқу орнына айналады. Қазіргі таңда 3 кампуста орналасқан 6 факультеті мен 9 ғылыми-зерттеу институттары бар ірі жеке меншік университеттердің бірі болып саналады.
Кокушикан университетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, «Азия 21 ғасыр» факультетінде 4 жылдық оқуды бітіргеннен кейін, Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институтында 1 жыл магистратурада оқып, 5 жыл ішінде магистрант атағын иемдену жүйесі қарастырылған. Яғни, 2 жылдық магистратураны 1 жылда тәмамдау мүмкіншілігі қарастырылған. Сонымен қатар бұл университеттің техникалық факультеттерінің студенттері бүкіл елдің студенттері қатысатын ғылыми сайыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, мемлекет тарапынан бөлінетін ғылыми гранттарды көптеп ұтып алумен ерекшеленеді. Сондай-ақ дзюдо, футбол және басқа-да спорт түрлері мен дене шынықтыру салалары дамыған жоғары оқу орны болғандықтан, бұл университеттің түлектері арасында олимпияда ойындарында алтын медальдар алғандар да бар және оқуды бітіреннен кейін полиция басқармасы сияқты тәртіп сақтау мекемелеріне жұмысқа орналасатындар көптеп кездеседі.
Университет факультеттері:
• Саяси-экономика факультеті
• Дене шынықтыру факультеті
• Физика және технология факультеті
• Заң факультеті
• Филология факультеті
• Азия 21 ғасыр факультеті.
Университеттің ғылыми-зерттеу институттары:
• Саяси ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты,
• Экономикалық ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты,
• Басқару (менеджмент) саласындағы ғылыми-зерттеу институты,
• Заң саласындағы ғылыми-зерттеу институты,
• Технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу институты,
• Гуманитарлық ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты,
• Спорт және дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу институты,
• Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу институты,
• Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институты.
Университеттің тарихи хронологиясы:
• 1917 жылы «Кокушикан» жеке меншік мектебі құрылады,
• 1919 жылы жоғары оқу бөлімі ашылады,
• 1919 жылы «Заңды тұлға «Кокушикан» құрылады,
• 1923 жылы орта білім беру бөлімі ашылады,
• 1925 жылы орта білім беру бөлімі жабылып, орта мектеп ашылады,
• 1926 жылы сауда мектебі ашылады,
• 1929 жылы мамандандар дайындайтын мектеп ашылып, онда Азияны дамыту бөлімі мен кюдо, дзюдо, кендо сияқты ұлттық күрес бөлімдері ашылады,
• 1930 жылы жоғары білім беру бөлімі жабылып, жоғары мектепке айналады,
• 1934 жылы жоғары мектеп жабылады,
• 1942 жылы жоғары мектеп қайта ашылады,
• 1941 жылы Азияны дамыту бөлімі жабылады,
• 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты жоғары мектеп жабылады,
• 1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай мектептің атауы «Шитоку Гакуен» деп өзгертіледі,
• 1949 жылы сауда мектебі жабылады,
• 1951 жылы Заңды тұлға оқу орны ретінде қайта құралады,
• 1953 жылы мектептің атауы өзінің бастапқы атауы «Кокушиканға» қайта ауысып, «Кокушикан» атты қысқа мерзімді мамандандар дайындайтын оқу орны құрылады,
• 1955 жылы «Шитоку» мамандар дайындайтын мектеп жабылады,
• 1958 жылы «Кокушикан университеті» құрылып, осы жылы дене шынықтыру факультеті (кафедрасы) ашылады,
• 1961 жылы саяси-экономикалық факультет (саясаттану және экономика кафедралары) ашылады,
• 1963 жылы технологиялық факультет (машина жасау және электр қуаты кафедралары) ашылады,
• 1965 жылы Цуругава кампусы ашылып, 1-2 курс студенттері осы кампуста оқытыла бастайды және осы жылы саяси-экономикалық факультеттің екінші бөлімі мен саяси ғылымдар мен экономикалық ғылымдар саласындағы аспирантуралар (магистратура және докторантура) ашылады,
• 1966 жылы Заң факультеті (юриспруденция), филология факультеті (педагогика, тарих, география, әдебиет кафедралары) ашылады,
• 1974 жылы тәрбие беру бөлімі ашылады,
• 1992 жылы Тама кампусы ашылып, дене шынықтыру факультеті осы кампусқа көшіріледі,
• 1994 жылы технологиялар саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады,
• 1995 жылы заң саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады,
• 1996 жылы тәрбие беру бөлімі жабылады,
• 1997 жылы басқару (менеджмент) саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады,
• 1998 жылы Сетагая кампусында орталық кітапхана мен дене шынықтыру кешені ашылады,
• 1999 жылы басқару (менеджмент), заң және технологиялар салалары бойынша докторантуралар ашылады,
• 2000 жылы дене шынықтыру факультеті (ұлттық күрес түрлері және спорттық медицина кафедралары) ашылады,
• 2001 жылы заң факультеті (қазіргі таңдағы бизнес саласындағы заңдар кафедрасы), спорт және дене шынықтыру саласы мен гуманитарлық салалардағы ғылыми-зерттеу институттары мен аспирантуралы (магистратура) ашылады,
• 2002 жылы «Кокушикан» мамандар дайындайтын қысқа мерзімді оқу орны жабылады және осы жылы Цуруга кампусында Азия 21 ғасыр факультеті (кафедрасы) ашылады,
• 2003 жылы спорт және дене шынықтыру саласы мен гуманитарлық салалардағы ғылыми-зерттеу институттары негізінде докторантуралар ашылады,
• 2006 жылы жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған аспирантура (магистратура және докторантура) мен Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласында магистратура ашылады және саяси-экономикалық факультеттің екінші бөлімі жабылып, саяси-экономикалық факультеттің құрамына енеді,
• 2007 жылы технологиялық факультет физика және технология факультетіне өзгертіледі және осы жылы университет өзінің 90 жылдығын қарсы алады,
• 2008 жылы Цуруга кампусындағы дене шынықтыру факультетінде балалар спорт тәрбиесі кафедрасы ашылады және Сетагая кампусында Умегаока ғимараты ашылып, саяси-экономикалық, заң және филология факультеттерінің 1-2 курс студенттері осы кампусқа көшіріледі,
• 2009 жылы Цуруга кампусының атауы Мачида кампусы болып өзгертіледі,
• 2010 жылы жедел көмек көрсету саласындағы ғылыми-зерттеу институты (магистратура ) ашылады,
• 2011 жылы саяси-экономикалық факультетінің (менеджмент кафедрасы) негізінде басқару (менеджмент) факультеті ашылады,
• 2017 жылы университеттің құрылғанына 100 жыл толады.
Университеттің кафедралары:
• Саяси-экономикалық факультет: Саясаттану кафедрасы, Экономика кафедрасы, Басқару кафедрасы.
• Дене шынықтыру факультеті:
Дене шынықтыру кафедрасы, Ұлттық күрес түрлері кафедрасы, Спорттық медицина кафедрасы, Балалар спорт тәрбиесі кафедрасы.
• Физика және технология факультеті:
Физика және технология кафедрасы, Инженерлік технологиялар саласы, Электрондық ақпараттар саласы, Сәулет саласы, Қалалық ландшафт саласы, Денсаулық сақтау және медициналық технологиялар саласы, Фундаментальдық физика саласы.
• Заң факультеті:
Юриспруденция кафедрасы, Заманауи бизнес саласындағы заңдар кафедрасы.
• Филология факультеті:
Педагогика кафедрасы: Педагогика саласы, Логика саласы, Бастаушы сыныптарға білім беру саласы.
Тарих және география кафедрасы: Археология және жапон тарихы, Шығыс елдері тарихы, География және қоршаған ортаны қорғау.
Филология кафедрасы:
Жапон әдебиеті және мәдениеті, Қытай тілі және қытай әдебиеті.
• Азия 21 ғасыр факультеті:
21 ғасырдағы Азия кафедрасы: Азиялық бизнес курсы, 21 ғасырдағы Жапонияны танып-білу курсы, Азия аймағының дизайны курсы.
• Технология факультеті (2007 жылға дейін оқуға түскен студенттер үшін):
Инженерлік-ақпараттық технологиялар кафедрасы, Элекр-электрондық технологиялар кафедрасы, Қалалар жүйесі технологиялар кафедрасы, Сәулеттік дизайн технологиялар кафедрасы. 4 кафедра негізіндегі курстар: Табиғат және адам өміріне байланысты курс, Күнделікті өмір мен өмір сүруге қажетті материалдарға байланысты курс, Компьютер және математикалық заңдарға байланысты курс, Компьютер және байланыс құралдарына қатысты курс.
Университеттің аспирантурасы:
• Саясат саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Саясаттану (магистратура және докторантура),
• Экономика саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Экономика саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура),
• Басқару (менеджмент) саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Басқару саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура),
• Заң саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Заң саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура),
• Технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Инженерлік технологиялар саласы (магистратура), Электрлік технологиялар саласы (магистратура), Сәулеттік технологиялар саласы (магистратура), Қолданбалы технологиялар саласы (магистратура),
• Гуманитарлық саладағы ғылыми-зерттеу институты - Гуманитарлық саладағы зерттеулер (магистратура және докторантура), Білім беру саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура),
• Дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Спорт саласындағы зерттеулер (магистратура), Conditioning Systems саласындағы курс, Қоғамдық жүйе саласындағы курс, Жедел көмек көрсету саласындағы курс, Жедел көмек көрсету саласындағы курс (1 жылдық курс), Спорттық жүйе саласындағы зерттеулер (докторантура), Спорт саласында білім беру жүйесі саласындағы курс, Дене шынықтыру жүйесу саласындағы курс, Спортшыларды жаттықтыру жүйесі саласындағы курс,
• Интеллектуалды жеке меншікті қорғауға бағытталған заңдар саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласындағы зерттеулер (магистратура),
• Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институты - Жаһанданған Азияны тану (магистратура), Жаһанданған Азияны зерттеу (докторантура).
Университет жанындағы ғылыми-зерттеу мекемелері:
• Ақпарат саласындағы ғылымдар орталығы, • Ежелгі Ирак мәдениетін зерттеу институты, • Ұлттық күрес түрлерін зерттер институты, • Азия және Жапония ғылыми-зерттеу институты, • Өмірлік ғылымдар орталығы, • Wellness жүйесін зерттеу орталығы, • Физика саласындағы зерттеу орталығы (Физика және технология факультеті жанында), • Экономика саласындағы зерттеу орталығы (Саяси-экономикалық факультеті жанында), • Басқару саласындағы ғылыми-зерттеу институты (басқару факультеті жанында), • Салыстырмалы заңдар жүйесі саласындағы ғылыми-зерттеу институты (заң факультеті жанында), • Жаңа технологияларға қатысты заңдар саласындағы ғылыми-зерттеу институты (заң факультеті жанында), • Серіктес кампус - Бишкек гуманитарлық университеті.
Университет жатақханалары:
• Сетагая кампусы: Сетагая жатақханасы, Шёинрё жатақханасы (ерлер үшін ғана), Guest House (шетелдік студенттер үшін ғана).
• Мачида кампусы: Цуруга жатақханасы, Богакурё (бейсбол және футболмен айналысатын ер студенттер үшін ғана), Сумирерё (қыздар үшін ғана).
Әріптестік орнатып отырған шетелдік жоғары оқу орындар:
• Сан-Франсиско штатының орталық университеті (АҚШ)
• Simon Fraser University университеті (Канада)
• College of the Rockies жоғары оқу орны (Канада)
• Griffith University университеті (Австралия)
• Hanyang University университеті (Оңтүстік Корея)
• Korea University университеті (Оңтүстік Корея)
• Dong-eui University университеті (Оңтүстік Корея)
• Andong National University университеті (Оңтүстік Корея)
• Beijing Normal University университеті (Қытай)
• Шанхай халықаралық сауда-экономикалық университеті (Қытай)
• Heilongjiang University университеті (Қытай)
• Шаньси университеті (Қытай)
• Цзянсу университеті (Қытай)
• Wuhan University университеті (Қытай)
• Shenzhen Polytechnic University университеті (Қытай)
• Циньдао университеті (Қытай)
• Chinese Culture University университеті (Қытай)
• National Sun Yat-sen University университеті (Тайвань)
• Қырғыз ұлттық университеті (Қырғыз Республикасы)
• Бишкек гуманитарлық университеті (Қырғыз Республикасы)
• Моңғол ұлттық университеті (Моңғолия)
• De La Salle University университеті (Филиппиндер Республикасы)
• Chulalongkorn University университеті (Тайланд)
• Chiang Mai University университеті (Тайланд )
• Вьетнам мемлекеттік гуманитарлық университеті (Вьетнам)
• Gadjah Mada University университеті (Индонезия)
• Самарқанд мемлекеттік шет тілдер университеті (Өзбекстан)
• Әлем экономикасы және дипломатиясы университеті (Өзбекстан)
• University of Portsmouth университеті (Ұлыбритания)
• Людвиг-Максимилиан атындағы Мюнхендік университет (Германия)
• Semmelweis University университеті (Венгрия)
• Владивосток Қиыр Шығыс технологиялық университеті (Ресей)
• Addis Ababa University университеті (Эфиопия).
Кокушикан университеті әлемнің және жаһандану үрдістері қатты қарқынмен дамып отырған Азия аймағының, оның ішінде саяси-экономикалық маңыздылығы өсіп келе жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен білім және ғылым саласындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жоғары деңгейге көтеру мақсатында тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі.
Университеттің ресми сайты: http://www.kokushikan.ac.jp/
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |