Коммерциялық несие — жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы айтамыз. Мұнда қарыз алушы да және оны берушілердің орнына кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды.
- Қарыз келісімі – аясы тар мақсат емес, ол сатып алу – сату келісіміне қосақталып жүреді.
- Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді.
- Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта анықталады.
- Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға ( азық – түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады ) байланысты.
- Төлемді өтеу үшін берілген мерзімді ұзарту сатып алушының құзырында.
- Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға
- банктерге
- қаржы-несиелік мекемелеріне
- Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін)
- ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары)[1]
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты