Комплемент байланыстыру реакциясы

Комплемент байланыстыру реакциясы — 1901 жылы Борде және Жангу ғалымдармен ашылған. Антиген және антидене қосылу белгісі тек қана комплемент болғанда белгіленетін реакция.

Антиген-антидене-комплемент кешені жаратылу реакция көзге көрінбейтін реакция. Реакция бөлшектерінің қарым-қатынасуын анықтау үшін, қосымша индикаторлық жүйемен қолданады. Осы жүйенің көмегімен алғашқы жүйеде өткен қарым-қатынасудың қортындысын көруге болады. Осымен КБ реакциясына бірінші жүйеде комплементтің байланысқанын көрсететін екі жүйе қатысады:

  • 1) бактериолитикалық (диагностикалық)
  • 2) гемолитикалық (индикаторлық).

Реакцияның негізінде комплементті антиген – антидене кешенімен белсендету жатыр. Антиген және антидене бір біріне сәйкес келгенде олар иммундық кешен жаратады. Сол кезде антиденелер бөлшектері арқылы иммундық кешенге комплемент қосылып антиген-антидене кешенімен комплемент байланыстырылады.

Реакция кезеңдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1). Құрамында антиген-антидене-комплемент қоспаның инкубациясы. Бактериолитикалық жүйені дайындағанда сынауықтарда 0,5 мл зерттелетін инактивирленген сары суды жане антигенді араластырады, бір белгіленген санда (титрде) комплемент қосады. Антиген-антидене (сары су)-комплемент (бактериолитикалық жүйе) қоспасын су моншасына (немесе термостатқа) 37-38 градуске 20-40 минутке орналастырады. 2). Индикаторлық кезең – қоспаға гемолитикалық жүйе салып, сондағы бос комплементті табу. Гемолитикалық жүйенің құрамы – қойдың эритроциттері және антиденелері бар гемолитикалық сары су. Сынауықтардың барлығына екінші гемолитикалық жүйенің компоненттерін салып қайтадан су моншасына 15-20 минутқа қояды. Реакцияның бірінші кезеңінде антиген-антидене кешен жаратылғанда ол комплементті байланыстырады. Осы жағдайда реакцияның екінші кезеңінде антиденелермен сенсибилизденген эритроциттердің гемолизі болмайды (оң реакция). Антиген және антидене бір біріне сәйкес келмесе (зерттелген үлгіде антиген немесе антидене болмаса) комплемент бос қалып екінші кезеңде эритроцит – антиэритроцитарлық дене кешеніне қосылып, гемолиз жаратады (теріс реакция).

Комплемент байланыстыру реакциясының қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Комплемент байланыстыру реакцияның көмегімен сифилис (RV), маңқа, бруцеллёз ауруларын зерттейді. Комплемент байланыстыру реакцияның негізінде екі көрініс жатыр – бактериолизис және гемолиз.

Комплемент байланыстыру реакциясын қою үшін қажетті заттар:

  • Зерттелетін сары су.
  • Сараптауға жататын қоздырғыштан алынатын антиген (биофабрикада дайындалады).
  • Комплемент. Осы компонентті теңіз шошқа қанының сары суынан зертханада дайындайды немесе дайын түрінде биофабрикадан алады.
  • Қойдың эритроциттері.
  • Гемолитикалы сары су (гемолизин). Компонент биофабрикада үй қояндарға қойдың эритроциттерімен әсер ету жұмыстары арқылы алынады.
  • Зерттелетін қоздырғышқа оң реакция беретін биофабрикаларда дайындалатын сары су.
  • Дені сау ағзалардан алынған сары су.
  • Негізгі компоненттердің көлемін арттыруға арналған физиологиялық ерітінді.

Реакция сынауықтарда өткізіледі. Су моншасымен жұмыс істегенде жұмыс температурасы 37-38° С болу керек.

Зертханаларда міндетті түрде өткізілетін дайындық жұмыстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Зерттелетін сары су алу тәртібі. Қанды ағзаның қан тамырынан алады. Жанадан алынған қан 30-37 градуста қан ұйтылып тұнбаға түскенше 30-60 минут бөлмеде ұсталады, кейіннен салқын жерге қойылады. Сары су ұйытылған қаннан бөлініп алынғанда, сары суды бөліп құйып алады. Зерттеуге түскен сары сулар және бақылау үшін қолданатын сары сулар физиологиялық ерітіндімен 1:5 немесе 1:10 есе көлемі арттырылып, су моншасында 30 минут 56-58 градуста инактивирленеді.

  • Эритроциттерді алу тәртібі. Эритроциттерді 4-5 жасар еркек немесе ұрғашы қойдан алады. Қанды мойын қан тамырынан 30-40 мл мөлшерде зарарсыздандырылған ыдысқа алады. Ыдыс түбіне зарасыздандырылған шыны моншақтар салыну керек. Ыдысқа қанды құйып алып, ыдысты 10-15 минут сілкіп, қанды абайлап араластырады. Сол кезде қанның құрамындағы фибрин жіптері бөлініп шығып моншақтарға оралады. Осыдан кейін қанды екі қабат марлядан центрифуга сынауықтарына сүзеді. 10-15 минут 1500-2000 минутына айналдырып центрифугадан өткізеді. Тұнбаның үстіндегі сұйықтықты сорып алып, тұнбаға физиологиялық ерітіндіні қосады. Осы жұмысты эритроциттерді сары судан босату үшін 3-4 рет өткізеді. Реакцияға арналған эритроциттердің тұнбасын 1:40 есе физиологиялық ерітіндімен көбейтеді.Антигенді биофабрикаларда дайындайды. Олар құрамы бұзылған бактериялар немесе ауру ағзалардан алынған ұлпалар. Комплемент 1889 жылы Бухнермен ашылған. Ол қанның сары суының, лимфаның, әр түрлі жануарлардың және адамның ұлпаларының суйықтықтарының негізгі бөлшегі. КБ реакциясында теңіз шошқаның қанының сары суымен қолданады. Неге десек осы жануардың сары суының комплементі өте сезімталды болады. Комплемент – ақұызды зат, құрамы күрделі,жылытқанда, көп уақыт сақтағанда, қатты сілкігенде, сүзгіштерден сүзгенде тез инактивирленеді. Комплементті теңіз шошқаның сары суының 100 мл 5 гр күкіртқышқыл натрийді, 4 гр бор қышқылын салып сақтайды. Осы жағдайда комплементтің белсенділігі жарты жылға дейін сақталады. Гемолизинді биофабрикаларда үй қояндарды қойлардың жуылған эритроциттерімен гипериммуниздеп дайындайды: үй қояндардың қан тамырына 4-5 рет 2-3 күн арасында 40-50 пайыздық қойлардың жуылған эритроциттерін салады. Ақырғы инъекциядан бір жұма өткеннен кейін үй қояндардан қан алып, сары суды бөліп алып, оны инактивирлеп, 1:1 глицеринмен немесе 0,5 пайызды фенолмен консервілеп, титрлеп, ампулаларға құяды. Зертханаларда КБ реакциясын қояр алдында гемолизинді қайтадан титрлейді.

Негізгі сынауды қою техникасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сары судың әр бір үлгісінің көлемін 1:10 есе арттырып инактивирлейді, 0,5 мл екі сынауықтарға құяды. Штативке сары сулармен сынауықтардың екі қатарын қояды және бақылау сары сулардың (оң және норма сары сулары) екі қатарын қояды. Бірінші қатардағы сары сулардың бәріне 0,5 мл антиген қосады. Екінші қатардағы сары суларға (антигенсіз) 0,5 мл физиологиялық ерітінді қосады. Кейіннен сынауықтардың екі қатарына да 0,5 мл комплемент қосып, сілкіп, су моншасына 20-40 минутқа 37-38 градуске қояды. Осы бактериолитикалық жүйе. Су моншасында ұстап болғаннан кейін, сынауықтардың барлығына гемолитикалық жүйенің компонеттерін салады (0,5 мл гемолизин және қойдың эритроциттері). Сілкіп қайтадан 15-20 минутке су моншасына қояды.

Бақылау кезеңдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Су моншадан алынған кезде.
  • Су моншадан алып үй бөлменің температурасында 12 сағат тұнбалары қалыптасу мақсатымен ұстап бақылау.
  • Оң реакция (++++) – гемолиздің толығынан кешігуі (эритроциттер тұнбаға түсу); (+++) - гемолиздің кешігуі, эритроциттер тұнбаға түсу, тұнбаның үстіндегі сұйықтық қызғылт түсті.

Қосымша зерттелуге жататын реакция - (++); (++-) гемолиз жартылай кешігеді, тұнбада эритроциттер бар, сұйықтық қызыл түсті; (+) – гемолиз бар, тұнба аз көлемді, сұйықтық қызыл түсті; теріс реакция (----) – толық гемолиз, тұнба жоқ. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Никитин Е.Б."Основы биотехнологии".Павлодар.-2004.