Константин Константинович Олимпов (шын тегі Фофанов) (1889—1940) — орыс ақыны, эгофутуризмнің негізін салушылардың бірі.
1889 жылы Санкт-Петербургте дүниеге келген, атақты К.М.Фофановтың ұлы. Балалық шағын Гатчинде өткізген. 1907 жылы Петербургте принц П.Г.Олбденбург училищесін тәмамдаған. 1912 жылы өлеңдерін жарыққа шығара бастаған.
1917 жылы Қазан революциясына қатысқан. Қызыл Армияға өз еркімен барған. 2 рет сотталған.
1911 жылы Игорь Северянинмен бірігіп «Эго» үйірмесін құрған. 1912 жылы Олимповтың «Аэропланные поэзы. Нервник 1. Кровь первая» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. [ 1922 жылы ол Петроградта «Анафема Родителям Мироздания», «Третье Рождество великого мирового поэта Титанизма Великой Социальной Революции Константина Олимпова, Родителя Мироздания» атты кітаптарын жарыққа шығарады.
1940 жылы 17 қаңтарда Омбыте жоқшылықта қайғырып қайтыс болған.