Копрлар

Копрлар

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Табы: Жәндіктер
Сабы: Қатты қанаттылар‎
Тұқымдасы: Scarabaeidae
Тегі: Copris
Müller, 1764

Копрлар (лат. Copris) – қатпарлы мұртшалар тұқымдасының қиқоңыздары. Денесі дөңес, сопақ, қара. Еркектерінің басында мүйізі болады. Негізінен тропикалық қоңыздар. Онда 100 астам түрі кездеседі. ТМД кеңістігінде, Еуропалық бөлігінің оңтүстігінде 4-5 түрі таралған. Қоңыздар терең ін қазып, оны көңге толтырып, 5-8 алмұртқа ұқсас бөлшектер құрайды да, оған ұрғашылары бір-бірден жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққанға дейін ата-аналары қорғайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3